Астанада өтіп жатқан AstanaMediaWeek дәстүрлі халықаралық форумында 31 арнаның бас директоры Құрманбек Жұмағали Ұлттық киноны қолдау ораталығының деректі фильмдерге бөлетін қаражатын телеарналарға беру жөнінде ұсыныс айтты.

Оның сөзінше, Ұлттық киноны қолдау ораталығының деректі фильмдерге бөлетін қаражатын телеарналардың бұл бағытта жұмсайтын қаржысымен салыстыру қисынға келмейді.

"Телеарналарда деректі фильм түсіруге 500 мың теңге мен 1 млн теңге аралығында ғана қаражат бөлінеді. Ал Ұлттық киноны қолдау орталығы бір деректі фильм жасауға 30 млн теңге жұмсайды", – деді Құрманбек Жұмағали.

Телемаман бұл ұсынысы форум аясында талқылауға түсіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне жететініне үміт білдірді.


Оқи отырыңыз: Досым Сүлеев: "Дос-Мұқасанды" халықтық деңгейге көтерген тыңдарман жастар еді