Атырау облысында бүтін бір ықшамауданның тұрғындары 30 жылдан бері кәріз суының иісіне тұншығып отыр. Соның кесірінен ауаға вирус тарап, ауру көбейген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Айжан Бимурзина бұл тұрғын үйге осыдан 30 жыл бұрын көшіп келген. Ол 30 жыл бойы осы мәселеге бірде бір шенеунік назар аудармағанын айтты.

"Сасық иіске шыдай алмай, маска киіп жүреміз. Иістен жиіркеніп, аузымызға ұшық шығып кетеді. Иіс 4-қабатқа дейін келеді, 1,2-қабат, тіпті, шіріп жатыр, – деді Атырау қаласының тұрғыны Айжан Бимурзина.

Бұл жердегі тұрғындарды су мен жарықтың жоқтығы да алаңдатып отыр. "Атырау су арнасындағылар" кәріз желілерін тазалап беру олардың міндетіне кірмейтінін айтты.


Оқи отырыңыз: 20 жыл шошқа бағады: Бір әулеттің кәсібінен бүкіл ауыл зардап шегіп отыр.


"Тұрғындардың жекеменшік үйлері болған соң өздері пәтер иелері кооперативі арқылы тазалатуы керек. Тазалап беру – біздің міндетіміз емес. Ақшасын пәтер иелері кооперативіне төлеп отыр, демек солар тазалауы керек", – деді "Атырау су арнасы» мекемесінің кәріз желілері станциялары қызметінің басшысы.

Пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері тұрғындардан жиналатын ай сайынғы 32 мың теңге түкке жетпейтінін айтты.

"Жалғыз менің қолымнан келмейді. Әкімшілік бір рет көмектесіп берсін. 32 000 теңгеге мен не жасаймын? Құбыр ескі, сондықтан  тазалаудан пайда жоқ", – деді Вокзал маңы ықшам ауданы ПИК басшысы Бейбатпа Қапарова.


Оқи отырыңыз: Таразда қырықаяқ пен қандала қаптаған жатақхана тұрғындары көмек сұрады.