26-27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
Президент сессияны шақыру туралы өкімге қол қойды.Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы