24 қарашада Қазақстанда рубль мен доллар қанша тұрады?
Демалыс күндерінің алдында доллардың бағамы көтерілді.Ұлттық банк 25-27 қараша аралығындағы Қазақстандағы шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі.
Доллар бағамы 1,92 теңгеге өсіп, 463,09 теңгені құрады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 460,9 теңгеден сатып алынып, 463,5 теңгеден сатылуда.
Рубльдің ресми бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 5,21 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында рубль 5,11 теңгеден сатып алынып, 5,29 теңгеден сатылуда.
Оқи отырыңыз: Паспортты 1 күнде алуға болады. Ол үшін не істеу керек және қызмет ақысы қанша?