23 қыркүйектен бастап Үнді IndiGo әуе компаниясы Дели – Алматы – Дели тікелей рейсін ашады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Әуе компаниясы аптасына үш рет ұшуды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы рейстің ең төменгі құны шамамен 54 741 теңгені құрайды. Аталған рейс Үндістандағы 75-тен астам бағытқа, сондай-ақ Азияның ірі қалаларына рейстерді орындайтын авиакомпания үшін 32-ші Халықаралық тікелей байланыс саналады.

Сондай-ақ, авиакомпанияның Еуропа мен Солтүстік Америкада өзінің серіктестік кодтары арқылы үлкен желісі бар.


Оқи отырыңыз: Жетісу облысы көш бастап тұр: Қазақстанда әуе жолаушылар тасымалы 11% қымбаттады


Биылғы жылы IndiGo компаниясы Skytrax ұсынған "Үндістан мен Оңтүстік Азиядағы үздік бюджеттік авиакомпания" сыйлығының қатарынан 13 рет иегері атанды.

"Жаңа тікелей рейстерді іске қосу бойынша келіссөздер шетелдік авиакомпаниялармен үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға ұшу жиілігі артты. Шетелдік компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Мысалы, осы жазда Оманның Salam Air әуе компаниясы "Алматы – Маскат" бағыты бойынша, аптасына 2 рет жиілікпен рейсті іске қосты", – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.


Оқи отырыңыз: Өзбекстанның лоукостер компаниясы 5 маусымнан бастап Алматы-Ташкент бағытында ұшады