"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" мамандарының болжамы бойынша, алдағы 26 жылда бұл көрсеткіш екі есеге артып, 43 миллионнан асып кетуі де мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

2050 жылға қарай еліміздің оңтүстік өңірлерінде адам саны 5 миллионнан асып, солтүстікте 1 миллион адамға азаюы ықтимал. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалар, сондай-ақ агломерациялар негізгі көші-қон ағынын тартып отыр, бірақ ірі қалалардың инфрақұрылымы оған төтеп бере алмайды.

Сенат депутаты Әсем Рахметова халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы нәтиже берген жоқ екендігін айтты. Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келеді. Теріскейде керісінше, азаю үрдісі байқалады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші 26,9 пайызға азайған


"Егер эксперттердің болжамына сүйенетін болсақ, 2050 жылға қарай Алматы мен Шымкентті қосқанның өзіңде оңтүстік өңірлерде 50% халық тұратын болады. Солтүстік өңірлерде бұдан, әрине, өте төмен. Бүгінгі таңда оңтүстік өңірде Алматы қаласын есептемегенде 38% тұрады. Еңбек нарығына 2021 жылға дейін 200 мыңға жуық азамат шығатын болса, қазір 300-350 мың жас. Әрине, бізде мұншалықты жұмыс орындары жоқ", – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова.