2025 жылдың басынан бері 1940 азамат арнаулы әлеуметтік төлем алды
2025 жылдың басынан бері зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем 1940 азаматқа тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл төлемді алуға жалпы 1957 адам өтініш білдірген.
"Екі қаржыландыру көзінен берілетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 128 адам жүгінді, оның 127-не арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Ал төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 1829 адам өтініш білдіріп, оның 1 813-іне тағайындалған", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталып, 30 топтық аккаунт жабылды
Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланысты бір өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды, сонымен қатар 16 азаматтың өтініштері қарау сатысында тұр.
Өңірлер бөлінісінде арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргендердің ең көп саны:
- Қарағанды облысы - 234 адам;
- Шығыс Қазақстан облысы - 196 адам;
- Қостанай облысы - 182 адам.