2025 жылдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы іске қосылады
Министр ҰБТ форматы бірден өзгеріп кетпейтінін айтты.Келесі жылдан бастап ұлттық бірыңғай тест тапсырудың жаңа форматы енгізіледі. Бірақ бұл ҰБТ форматы бірден өзгеріп кетеді деген сөз емес. Біз SIT халықаралық стандартына көшетін боламыз. Яғни әр талапкер тестілеу орнын, уақытын өзі таңдайды, өзі дайындалып тапсырады, деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Министр Франция компаниясының көмегімен жаңа форматта тест дайындалғанын және 350 қазақстандық маман даярланғанын айтты.
"2022 жылы екі бағытта жұмыс істедік. Соның біріншісі – SIT секілді жаңа форматтағы тестілерді дайындау. Барлық сұрақтың мазмұнын қайта қарадық. Өткен аптада бұл жұмыстарды аяқтадық. Тестіні әлемге танымал Франция компаниясы жасады. Сондай-ақ осы жаңа модель бойынша 350 тестолог әзірледік. Ал екінші бағыт – фин компаниялар тобымен мазмұнды тәсіл бойынша жұмыс", – деді Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз: 2024 жылы Мәдениет министрлігі оқу орындарының 16 студенті президент стипендиясын алады
Осы орайда ол әзірленген тестолог мамандардың SIT форматына ұқсас жаңа әдістеме бойынша сұрақтар дайындай бастағанын айтты. Жаңа форматтағы ҰБТ пилоттық жобасын бастау үшін 50 мың сұрақ әзірлеу қажет.
"Аталған пилоттық жоба 2025 жылы іске қосылады. Бұл ҰБТ форматы бірден өзгеріп кетеді деген сөз емес. Ол пилоттық режимде іске қосылатын болады. Осылайша ақырындап SIT халықаралық стандартына көшеміз. Әр талапкер тестілеу орны мен уақытын өзі таңдап, дайындалады. Кейін тапсырған соң сертификат алып, сонымен оқуға түседі", – деді Саясат Нұрбек.