2025 жылдан бастап барлық медицина қызметкерін лицензиялау енгізіледі. Лицензиясы жоқ мамандар жұмыс істей алмайды. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. 

"Әр дәрігер, орташа медициналық қызметкер, өзінің жұмысына жауап беруі керек. Қазір жұмысын дұрыс атқара алмаған кейбір қызметкерлер бір медициналық ұйымнан шығып, келесі ұйымға кіріп жатады. Сондықтан медициналық көмектің сапасын арттыру үшін, медицина қызметкері өзінің жұмысына жауап беруі үшін 2025 жылдан бастап әрбір медициналық қызметкерді лицензиялау көзделіп отыр. Әр медицина қызметкері өзінің лицензиясы үшін басымен жауап беруі керек", – деді Ажар Ғиният.

Министр бұл механизм медицина қызметкерінің білімінің деңгейін, маман ретінде деңгейін көтеріп тұруына, сапалы қызмет көрсетуіне әсер етеді.

"Бұл заң жобасы бойынша әр медициналық қызметкер лицензиясы болмаса, жұмыс істей алмайды, ешқайда жұмысқа кіре алмайды. Бұл медициналық көмектің сапасын көтеруге арналған механизмдердің бірі", – деді министр.


Оқи отырыңыз: