2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді
Биыл – "Жайлы мектеп" жобасының ең басты кезеңі."Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында биыл Қазақстанда 208 мектеп салынып бітіп, пайдалануға берілуі тиіс. Жобаның операторы Samruk-Kazyna Construction мәліметінше, 2023-2025 жылдар жобаның ең негізгі кезеңі саналады. Бұл кезеңде:
- 2024 жылы 208 мектеп;
- 2025 жылы 151 мектеп пайдалануға берілмек.
Сәйкесінше, 2023-2025 жылдары республика бойынша жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынып, 740 мыңға жуық оқушы орны ашылады.
Бұдан бөлек, 10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы салынады.
2023-2025 жылдары республика бойынша:
- Түркістан облысы – 63 мектеп
- Алматы облысы – 53 мектеп
- Астана қаласы – 24 мектеп
- Алматы қаласы – 22 мектеп
- Қызылорда облысы – 21 мектеп
- Маңғыстау облысы – 21 мектеп
- Ақмола облысы – 18 мектеп
- Ақтөбе облысы – 18 мектеп
- Қарағанды облысы – 18 мектеп
- Шымкент қаласы – 18 мектеп
- БҚО – 18 мектеп
- Атырау облысы – 12 мектеп
- Жамбыл облысы – 12 мектеп
- Абай облысы – 11мектеп
- ШҚО – 10 мектеп ашылады.