2024 жылғы 5 айда бала туу өлім көрсеткішінен 3 есе жоғары. Демографиялық шолу
Астана халқының саны 1,5 миллионға жақындап келеді.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны бойынша жаңа мәліметтерді жария етті.
Ел халқының саны 20 139 914-ті құрайды. Жыл басынан бері халық саны 106 072 адамға артқаны байқалады.
Республикалық маңызы бар үш қалдағы халық саны:
Астана: 1 430 117;
Алматы: 2 228 677;
Шымкент: 1 222 066.
Ел халқының басым бөлігі қалалық елді мекендерде (12 451 192) тұрады. Ауылдардағы халық саны – 7 582 650.
Көк түс – ауыл халқы, сары түс – қала халқы. Инфографика: ҚР Ұлттық статистика бюросы