Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айлық есептік көрсеткіш пен ең төмен жалақы мөлшерінің артуына байланысты қазақстандықтар 2023 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қалай жарна төлейтінін түсіндірді.

Жарна мөлшері:

  • Жұмыс берушілер жұмысшылары үшін еңбекақының 3 пайызы мөлшерінде жарна төлейді.
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде жұмыс істейтіндер табысының 2 пайызы мөлшерінде жарна төлейді.
  • Жеке кәсіпкерлер ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 900 теңге жарна төлейді.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар:
  1. Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары 1 АЕК, яғни 3 450 теңге жарна төлейді;
  2. Өзге елді мекендердің тұрғындары 0,5 АЕК яғни 1 725 теңге жарна төлейді.
  • Жеке төлеушілер үшін жарна мөлшері: 1 ең төмен жалақының 5 пайызы, яғни 3 500 теңге.

Ескерту: 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді.


Оқи отырыңыз: eDensaulyk: Медициналық деректерді eGov mobile қосымшасынан көруге болады