2023 жылы Ораза қашан басталады?
Рамазан айы биыл наурыз-сәуір айларына сәйкес келеді.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған 2023 жылғы діни күндер кестесінің негізінде биыл қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады.
Ескерту: Күнтізбе Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Оразаға дайындық жасайтын уақыт. Шағбан айы жайлы 9 сұраққа жауап
Осы уақыт аралығында мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін отыз күн ораза ұстайды. Бір ай бойы күндіз ауыз бекітіп қана қоймай, тамақ ішуден өзге де оразасын бұзатын заттардан бас тартады.
Кестеге сәйкес, Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Үш күндік Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін 21 сәуірде басталады. Ал Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ораза кестесін Наурыз айында жариялайды.
Оразаға қатысты өзге де материалдарды оқи отырыңыз:
- Ораза жайлы мифтер. Не шындық, не жалған?
- Намаз оқымай, ораза ұстау дұрыс па? Ауыз бекіту үшін білу тиіс 20 сұраққа жауап
- Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал
- Ораза қазасы немесе қарызы. Оны қалай өтейді?
- Оразада денсаулыққа зиян тимес үшін қалай тамақтану керек? Диетологтан 5 кеңес
- Оразаға 7 күн қалды. Не істеп үлгеру керек?
- Ораза ұстаған кезде спортпен қалай шұғылданған дұрыс?
- Оразада денсаулыққа зиян тимес үшін қалай тамақтану керек? Диетологтан 5 кеңес
- Қадір түнінің 5 мағынасы, 2 белгісі және 9 ерекшелігі қандай?
- Қадір түнін қалай өткізу керек? Басты 10 сұраққа жауап
- Қасиетті түнді үйде қалай өткізген жөн?
- Ораза айт күні сәресін ішу керек пе?
- Оразадан кейінгі ораза. Алты күндік Шәууәл оразасы туралы 11 дерек