2023 жылғы мәжіліс сайлауының ресми нәтижесі: Қай партия қанша пайыз дауыс жинады?
"Байтақ" жасылдар партиясы парламентке өтпеді.Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен мәжіліс депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижесін ұсынды.
Қорытындыға сәйкес, дауыстар келесідей бөлінді:
- Amanat партиясы – 53,9%;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10,9%;
- "Respublica" партиясы – 8,59%;
- Қазақстан халық партиясы – 6,8%;
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;
- "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы – 8,41%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%;
- Барлығына қарсымын – 3,9%.
Партия парламентке өтуі үшін сайлау кезінде 5 пайыздан көп дауыс жинауы тиіс. Осылайша мәжіліске Amanat, "Ауыл", Respublica, "Ақ жол", ҚКП, ЖСДП партиялары өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы