Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Қазақстан өңірлерінде құрбан айт намазының оқылу уақытын жария етті.

Құрбан айт намазының кестесі

Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады. Ал Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбан шалу – міндет. 


Оқи отырыңыз: Құрбандыққа қандай мал жарайды? Құрбан шалуға қатысты маңызды 12 сұраққа жауап


Қазақстанда құрбандық шалу рәсімі онлайн және офлайн форматта өтеді:

  • Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда құрбан шалу рәсімін дәстүрлі жолмен ұйымдастыру. Ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратындарға есік алдында құрбандық шалуға ешқандай шектеу жоқ;  
  • Ел азаматтары, әсіресе, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында рәсімді қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайты іске қосылды. Онлайн құрбан шалу мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу.