Аталған шара Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Бұл туралы деп Kazinform агенттігі хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 11 қазанда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

"Съезд  жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм, бахаи, сондай-ақ әлемнің 20-дан астам елінен келген халықаралық және діни ұйымдар өкілдерінің әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары қатысады деп күтілуде", – деді Айбек Смадияров министрліктегі брифингте.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан – барлық әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті.


Оның айтуынша, Хатшылық отырысы аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің идеялары мен қорытынды декларациясын ілгерілету мәселелерін талқылау, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасын қарау және қабылдау жоспарланған.