Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті трансшекаралық тур 20-25 наурызы аралығына жоспарланған. Бұл жолы теміржол саяхатының бағдарына Тараз қаласы қосылды, деп хабарлады Kazakhstan Tourism

Сәйкесінше, Jibek Joly пойызының жолаушылары Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда атап өте алады. 

"Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы" бағытындағы халықаралық турдың ұзақтығы 5 күнді құрайды. Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды және екі елдің көрікті жерлерін аралайды. Сонымен бірге туристер шығыстың қонақжайлылық атмосферасымен таныса алады", – делінген Kazakhstan Tourism хабарламасында.

Тур бағдарламасы этноауылдағы мынадай мерекелік шараларды қамтиды: 

  • концерттік бағдарлама; 
  • ұлттық салт-дәстүрлермен танысу;
  • дәстүрлі тағамдардан дәм тату. 

Туристердің ыңғайлылығы үшін кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, заманауи вагондарда жайлы тұру жағдайлары, тамақтану және экскурсиялар қарастырылған. 


Оқи отырыңыз: Астана мен Самарқанд арасында туристік темір жол бағытын іске қосу жоспарланып отыр