2 жылда – 238 жеке мектеп. Қазақстанда ақылы оқуға сұраныс күрт өсті
Республикада барлығы 128 мың оқушыға арналған 337 жеке мектеп жұмыс істейді.Мұндай мәліметтерді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Facebook желісіндегі жазбасында келтірді.
Оның дерегінше, соңғы екі жылда Қазақстанда 77 мың оқушыға арналған 238 жеке мектеп ашылған. Бұл соңғы 10 жылдағы ең рекордты көрсеткіш.
"Мектептерде жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу және жүзеге асыру білім беру саласына оң әсер етіп, жеке мектептер желісінің дамуына жол ашты", – деп жазды Бибігүл Асылова.
Қазақстанда қазіргі таңда барлығы 128 мың оқушыға арналған 337 жеке мектеп жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз:
- Асхат Аймағамбетов: Оқулықтар ғылымидан гөрі балаларға түсінікті жеңіл тілде жазылуы тиіс
- Нұр-Сұлтан мектептеріне Қонаев, Бағланова, Оңғарсынованың есімі беріледі
- Қысқы каникулда оқушылар 11 күн демалады
- ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтары. Қашан және қалай қатысуға болады?