2 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".
"Қазақстан аумақтарының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты солтүстікте қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады", – делінген хабарламада.
Синоптиктер болжамынша, Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.