2 мың адамды алдап, 5 жыл арқалады
Елордада WhatsApp және Telegram чаттары арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды.Елордада 2 мың азаматты алдаған қаржы пирамидасын ұйымдастырған Р. Ж. Ахымбекова және Қ. Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Айыпталушылар салынған қаражатты еселеп көбейтуге уәде беріп, қаражат алуға 2000-ға жуық салымшыны тартатын "Астана Раушан касса айналымы" деп аталатын WhatsApp және Telegram чаттарын құрған.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?
"Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасын құрушы мен оның басшысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мұнымен қатар, сот оларды 5 жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды", – делінген хабарламада.
198 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды.