"170 миллион теңге". Астанада мемлекеттік компанияның басшысы пара алғаны үшін сотталды
Сот үкімімен К. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды.Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты делдал арқылы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін К.-ға және парақорлыққа делдал болғаны үшінД.-ға қатысты істі қарады.
К. көп пәтерлі тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша аванс аударып және сметалық құнын түзетіп, делдал арқылы ЖШС-нің нақты иесінен пара ретінде аса ірі мөлшерде, жалпы сомасы 140 000 000 теңге және 68 000 АҚШ долларын (30 388 520 теңгеге бара-бар)алған.
Д., пара алу бойынша делдал бола отырып, сотталушы К.-ға және "К" ЖШС-нің нақты иесіне пара алуға және беруге көмектескен.
"Сот үкімімен К. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.