Қарасай аудандық полиция қызметкерлері 15 жасар мектеп оқушысынан күштеп ақша сұраған кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты.

Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады.

"Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрбысына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені белгілі болды", – деп мәлімдеді департамент бастығы. 

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция олардың ата-аналарын балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізді. Аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, іс материалдары сотқа жіберілді.