132 мың отандасымыз eGov арқылы өздерін құмар ойындардан шектеді
Енді олар алты айдан бір жылға дейін казино, лотереяға қатысып, бәс тіге алмайды.Елімізде 132 мыңнан астам адам eGov порталы арқылы өздерін құмар ойындарынан шектеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Енді олар алты айдан бір жылға дейін казино, лотереяға қатысып, бәс тіге алмайды.
Қызмет түрін қолдану үшін ұялы телефонда электронды үкіметтің қосымшасы мен цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. Қажет қызмет түрін таңдап, өтініш қана жолдасаңыз шешім бірден қабылданады.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, азамат лицензиясы бар құмар ойындардан ғана өзін шектей алады.
Интернет желісіндегі басқа онлайн-казино, букмекерлік кеңсе дегендерге бұл қолданылмайды. Өйткені олар заңсыз болып есептелінеді. Қазақстанда қазір лицензия алған казино, тоғыз зал ойын автоматтары, 11 букмекерлік кеңсе қызмет жасап жатыр, деді ҚР ТСМ ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы Мақсат Шуанов.