Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Салымшылардың жалпы саны 1300-ден астам адам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда. Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. 

"Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз Innova Gold қызметінен зардап шексе, Агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласуыңызды сұраймыз" делінген агенттіктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?