120 теңге: Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады
Енді жол жүру құны 120 теңге болады.Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады.
Қазір қалада 22 жеке және бір коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді.
Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.
Оқи отырыңыз: Жол ақысын төлей алмаған жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп шығарып жіберген жүргізуші жазаланады
Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілген.
Соған қарамастан жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсім автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.