11 желтоқсанда Қазақстанның қор биржасында доллар қанша тұрады?
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді.Қазақстан қор биржасында 11 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 458,49 теңге болды.
Жұмадан бері доллар 0,78 теңгеге қымбаттаса, бір айда 7,37 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 460,5 теңгеден сатып алынып, 462-462,5 теңгеден сатылуда.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 75,9 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді