11-12 желтоқсанда жүлде қоры 3 млн болатын Markethon хакатоны өтеді
18 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады.2021 жылдың 11-12 желтоқсанында ең ірі жыл сайынғы Markethon хакатоны бесінші рет өтеді. Биыл жарыс онлайн ұйымдастырылмақ. Жарысқа жасампаз нарықтың жаңадан бастап жүрген және тәжірибелі қатысушылары – дизайнерлер, иллюстраторлар, маркетологтар, копирайтерлер, дизайн студиялары, продакшн агенттіктері және шығармашылық салалардың басқа да кәсіпқойлары қатыса алады.
Жарысқа тіркелу 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін markethon.kz сайтында ашық. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Жеке түрде және командалық қатысу мүмкіндігі бар. Небәрі 24 сағат ішінде қатысушылар Қазақстанның ауқымды компаниялары – Kazakhtelecom Business, Jusan Bank, Magnum Cash&Carry, THE STEPPE және Nazarbayev University нақты бизнес-мәселелерін шешеді.
Қатысушылар UI/UX Web Design, Graphic/Motion Design, маркетингтік стратегия секцияларында компанияның тапсырмасы бойынша өнім/шешім әзірлеп, оны бағалау үшін компания сарапшыларына ұсынуы керек. Әр команда шешімнің жұмыс прототипін көрсетіп, компания мен тұтынушы тұрғысынан ыңғайлылықты қарастырған жөн.
"Markethon басты мақсаты – маркетинг, жарнама және дизайн саласындағы талантты жастарды ірі компаниялармен ынтымақтастықта жаңа жобаларды іске асыруға тарту. Жастар үшін – бұл өздерін көрсетуге, ал компаниялар үшін-жаңа идеялар мен потенциалды кадрлар табуға мүмкіндігі", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Хакатон аясында қатысушылар сарапшылармен сұхбаттасып, орындалған тапсырма мен оларды шешу жолдары туралы кері байланыс алуға мүмкіндік ала алады. Үздік жұмыстар компаниялардан бағалы сыйлықтар, ақшалай сертификаттар, тағылымдама сияқты жүлделерге үміткерлік танытады. 18 жастан асқан барлық жандар қатысу мүмкіндігіне ие.
Еске салсақ, Алматыда IX халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтетіні туралы хабарлаған едік. Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – "Зере" фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады.