Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 8,3 мың жол-көлік оқиғасы болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10,2% көп. Ал былтыр осы уақыт аралығында 7,5 жол-көлік оқиғасы тіркелген еді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,4% аз.

Өңірлер бойынша, биыл ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында тіркелді – 2,2 мың, өткен жылмен салыстырғанда 17,6% аз.

Антилидерлер үштігіне:

  • Алматы облысы – 1,5 мың жағдай, 19% көп;
  • Жамбыл облысы кірді – 707 жағдай, 19% көп.

Ал ең аз жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 107 жағдай, өткен жылмен салыстырғанда 2,7% аз.

Сондай-ақ, астанада жол-көлік оқиғасының саны өскені байқалады, бір жылда – 47,9%, 349 жағдай. Ал Түркістан облысында керісінше айтарлықтай азайған, бір жылда – 21,2%, 436 жағдайға дейін.

Жыл басынан бері ЖКО салдарынан 12,2 мың адам зиян шекті, бір жылдағы өсім – 11,2%. Мұнымен қатар, 10,9 адам әртүрлі сипаттағы жарақат алды:

  • ер адамдар – 5,9 мың;
  • әйел адамдар – 5,1 мың;
  • жасөспірімдер – 2,2 мың.

Зиян шеккендердің 4,9 мыңы ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 1,3 мың адам көз жұмды:

  • ер адамдар – 911;
  • әйелдер – 347;
  • кәмелеттік жасқа толмағандар – 118.

Азаматтары бәрінен көп зиян шеккен өңірлер:

  • Алматы – 2,6 мың адам;
  • Алматы облысы – 2,4 мың адам;
  • Жамбыл облысы – 1,2 мың адам.

Ал Солтүстік Қазақстанда азаматтары керісінше бәрінен аз зиян шеккен – 169 адам.