ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап сұйытылған газдың 1 литрінің бағасы қанша теңгеге өсетінін жариялады.

Агенттіктің түсіндіруінше, сұйытылған мұнай-газға көтерме бағаның 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20 пайызға) артуына байланысты 1 литр газ бағасы 4 теңгеге артса, темір жол тасымалын  талап ететін өңірлерде бөлшек сауда бағасына тағы 2 теңге қосылады:

  • Астана – 76 теңге;
  • Алматы – 81 теңге;
  • Шымкент – 64 теңге;
  • Ақтөбе облысы – 54 теңге;
  • Атырау облысы – 54 теңге;
  • Ақмола облысы – 76 теңге;
  • Алматы облысы – 81 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 76 теңге;
  • Жамбыл облысы – 71 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы – 64 теңге;
  • Қостанай облысы – 76 теңге;
  • Қызылорда облысы – 64 теңге;
  • Қарағанды облысы – 76 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 54 теңге;
  • Павлодар облысы – 74 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
  • Түркістан облысы – 64 теңге;
  • Абай облысы – 76 теңге;
  • Жетісу облысы – 76 теңге;
  • Ұлытау облысы – 76 тенге.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 12 шілдеге дейін.