1 қыркүйек: Балабақшаларда әлеуметтік осал отбасы балаларына тегін тамақ беріледі
Сондай-ақ, бастауыш сынып балалары да тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.1 қыркүйектен бастап балабақшаларда әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, 9 өңірде бастауыш сынып балаларына да тегін тамақ беріледі. Олар: Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары.
"Абай және ШҚО облыстарында мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі" – делінген хабарламада.