1 қазанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады
Тұмаумен ауырғандардың басым бөлігі мегаполистердің тұрғындары.Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қазірдің өзінде 2 миллионнан астам доза сатып алынғанын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы тамыз айында тұмау жұқтырғандар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыз жоғары.
"1 қазаннан екпе салуды бастаймыз. Екпе медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға және қатар жүретін аурулары бар балаларға салынады. Орташа алғанда біз 2,5-2,7 миллион адамға екпе саламыз, бұл еліміздегі тұрғындардың 12-15 пайызы", – деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
Оқи отырыңыз: Гриппол плюс және Инфлювак тетра. Тұмауға қарсы қандай екпе алған дұрыс?