Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, деп мәлімдеді индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Үкімет отырысында министр бағдарламаның барлық шарты 1 мамырда жарияланатынын хабарлады. 

"Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында "Отбасы банкі" қазір 300 миллиард теңге тартып отыр. Бұл бағдарламаның жалпы сомасы (қаржыландыру – автор түсіндірмесі). Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шартын толықтай хабарлаймыз. Бағдарлама 1 мамырдан бастап іске қосылады", – деді Қанат Шарлапаев.


Оқи отырыңыз: 138 мың теңге сыйлықақы кімдер алады? Маңызды 8 сұраққа жауап


Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиемен болған оқиға қайталанбайды. Яғни өтініш қабылдау 18 секундта аяқталмайды.  Министр "Отбасы банкі" ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанын және ипотекалық несиелерді таратуда өзін жақсы жағынан көрсете білгенін атап өтті.