Мүгедек баланың ата-анасына сотта қандай жеңілдік бар?
Бұл жеңілдік Салық кодексінің 616-бап, 13-тармақшасында былай деп жазылған:
"Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
13) талапкерлер – (...) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша".
Сондай-ақ, өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату туралы Салық кодексінің 622-бабында жазылған:
"Мемлекеттік баж алымын төлеуден мыналар босатылады:
1) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды қойған кезде;
(...) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі".
Шымкент қалалық сотының өкілі Қабыл Дүйсенбидің түсіндіруінше, ерекше баланың ата-анасының бірі соттардағы жеңілдікті пайдалану үшін баланың мүгедектігі туралы анықтаманың түпнұсқасын сотқа қажет құжаттармен бірге ұсынуы тиіс.
Соттардағы өтініш түрлері бойынша мемлекеттік баж алымдары мынадай (Салық кодексінің 610-бабы):
"Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
- жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1%;
- заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3%..."