"Эйр Астана" ҚТЖ жолсеріктерін жолаушылармен сыпайы сөйлесуге үйретті

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған тренингтерден компанияның 1500 жұмысшысы өтті. Олардың ішінде жолсеріктермен бірге кассирлер де бар.
Кері байланыс орнату мақсатында ҚТЖ тәулік бойы қоңырау қабылдайтын 1433 нөмірін іске қосты. Басқарма төрағасының блогы да, әлеуметтік желілердегі топтары да жұмыс істеп тұр. 2018 жылы оларға келі
түскен 2500 өтінімнің 60%-ы шағым болып шықты.

Адами капиталды дамыту индексінде Қазақстан білім беру саласы бойынша 10 орында

Индекс 157 елге есептелген және онда кейінгі ұрпақтың жұмыс өнімділігінің деңгейін анықтайды. Бірінші орында Сингапур, екінші Еуропа. Қазақстан 10 орынға шығып, Орталық Азия елдерінің ішінде лидер болып танылды.
Білім беру жүйесін сырттай бағалауда қазақстандық студенттер 200 балдың 83-ін жинады
Ең жоғары балды(104,69) гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға оқитын студенттер алды. Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағылар ең төменгі балл (74,75) алып қалды. Биылғы жылдың 14-18 қарашасында өткізілген сырттай бағалауға 107 ЖОО-ның 101 мамандыққа оқып жатқан студенттері қатысқан.

Мұғалімдердің балаларын бала-бақшаға кезексіз орналастыру туралы заң жобасы жарияланды

Жоба бойынша бұл міндетті әкімдіктерге жүктеу қарастырылған. Құжатта сондай-ақ мұғалім мәртебесі, оның қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету секілді нормалар ұсынылған. Тұжырымдамада сондай-ақ мұғалімдерден ақша жинағандарды әкімшілік жазаға тарту, 30 жыл үздіксіз еңбек өтілін ескеріп, ұстаздарды жасына жетпестен зейнеткерлікке шығару ұсынылған. Жоба ашық үкімет порталында жарияланды. 4 желтоқсанға дейін талқылауға болады.

Алматыдағы өмір сүру сапасы артқан аудандарында жылжымайтын мүлік салығы өседі

2019 жылдан бастап құрылыс жұмыстары 70 пайызға біткен аудандарда зоналық коэффицент өзгереді. Жылжымайтын мүлікке салынатын салықтың көлемі орташа 5 пайызға өседі. Қаулы жобасы "Ашық талқылау" порталына жарияланды.
Мысалы, 2019 жылы Панфилов көшесіндегі жаңа Арбат бойындағы екі бөлмелі пәтердің салығы былтырғыдан 87 теңгеге өсіпті. Ал, әл-Фараби даңғылының бойындағы 500 шаршы метрлік үйдің салығы 5-15 мың теңгеге артуы мүмкін .

Астана Энергия АҚ Басқарма төрағасының орынбасары прокуратураға айтқан сынын қайтып алды

Бұған дейін прокуратураның сынымен келіспеген Олег Уткин бұнысының дұрыс болмағанын мәлімдеді. "19 қараша күні прокуратураның анықтамасына қатысты мен дұрыс емес ақпарат айтыппын. Шынына келсек, анықтамада айтылған тексеріс әлі жүріп жатыр. Сондықтан да қандай да бір қорытынды айту ерте. Менікі дұрыс болмады, аталған сынды назарға алмаңыздар,- деді Олег Уткин. Өткен брифингтердің бірінде ол электр энергиясын өндіру тарифтеріне қатысты прокуратура тексерісіне қарсы пікір білдірген.

Доллар 368,5 теңгеге қымбаттады

Бір тәулікте АҚШ валютасы тағы 3,5 теңгеге қымбаттады. KASE-тің таңертеңгілік сессиясында доллар бағамы 368,46 теңгеде тұрақтады.