Lufthansa неміс авиакомпаниясы Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді. 2 мамырға қараған түні Airbus A330-300 lh646 рейсі Майндағы Франкфурт қаласынан ұшып, алдымен Нұр-Сұлтанға, содан кейін Алматыға қонды. Бұл туралы Lufthansa компаниясының Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.

Неміс авиакомпаниясы аптасына үш тұрақты рейс орындайды:

  • Майндағы Франкфурт қаласынан Алматыға – дүйсенбі және сенбі күндері Нұр-Сұлтанға қона отырып LH646 рейсі, ал бейсенбі күндері – lh648 тікелей рейсі орындалады.
  • Алматыдан Майндағы Франкфуртқа – сейсенбі және жексенбі күндері lh647 рейсімен, жұма күндері LH649 рейсімен Нұр-Сұлтанға қона отырып ұшуға болады.

Әуе кемесінің түрі бұрынғы қалпында өзгеріссіз қалды - Airbus A330-300 ұшағы. Қызмет көрсетудің үш класы бар: бизнес, премиум-эконом-класс және континентаралық эконом-класс.

"Барлық санаттарда біз тамақ, сусындар, түрлі ойын-сауық бағдарламасы бар,  соның ішінде балаларға да арналған жеке монитор, сондай-ақ FlyNet интернет желісіне қол жетімділікті ұсынамыз. Lufthansa және басқа Lufthansa Group авиакомпаниялары саяхат барысында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", – деп хабарлады компания.


Оқи отырыңыз: Қазақстан 26 сәуірден бастап Түркияға әуе рейстерінің санын аптасына тоғызға дейін қысқартады


Lufthansa пандемия басталғаннан бері Қазақстанға рейстер орындамаған болатын.