Коронавирустың таралуы бойынша Ақмола облысы "сары" аймаққа өтті
Қазақстанның алты өңірі – "қызыл" аймақта, үш өңір "сары" аймақта тұр.Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша Ақмола облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.
- "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары;
- "Сары" аймақта – Шымкент, Ақмола және Қарағанды облыстары;
- "Жасыл" аймақта – өзге өңірлер.
Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.
Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.