Коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстанға құрғақ мұзды қолдану арқылы тасымалданады
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компаниялар мен әуежайлар үшін Covid-19 вакциналарын тасымалдау бойынша ұсыныстар әзірледі.Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынысы бойынша, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құрғақ мұзды қолдану арқылы Covid-19 вакциналарын тасымалдау бойынша ұсыныстар әзірледі. Соған сәйкес, әуе көлігімен тасымалдауға арналған барлық әуе жүктері, оның ішінде Covid-19 вакциналарының партиялары әуе кемесінің бортына жүктелмес бұрын міндетті түрде тексеруден өтеді.
"Тексеру процесінде тығыздығы жоғары немесе күрделі рентгендік бейнелер шығаратын жүк жөнелтімдері, оның ішінде Covid-19 вакциналарының партиялары жарылғыш заттардың іздерін анықтау құралдарын қолдану арқылы қосымша тексеру әдісінен өтеді", – деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Ал, әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің және әуе компаниялардың басшылары Covid-19 вакциналарының партияларын санкцияланбаған араласудан қорғау процедураларын бақылауды қамтамасыз етеді.
"Әуе жүгі ретінде тасымалданатын Covid-19 вакциналарының партияларына басқа бөгде заттардың енуіне жол бермеу үшін қауіпсіз орындарда өңделеді және сақталады. Covid-19-ға қарсы жүктер мен вакциналарды әуе кемесінде жүк ретінде тасымалдау үшін қолданылатын контейнерлер әуежайдың бақыланатын аймағында шектеулі күзетілетін аймақ шегінде жүктер мен пошта жөнелтілімдерін өңдеу және тексеру объектілерінде қауіпсіз жағдайларда сақталады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 3 мамырдан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы Түркістаннан Ыстанбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашады
Әуе кемесінің жүк бөлігінде Covid-19 вакциналарының алып жүретін немесе алып жүрмейтін, жеке сәйкестендірілген, белгіленген талаптарға сәйкес тексерілген және әуе тасымалдаушы осы рейсте тасымалдауға қабылдаған партиялары ғана тасымалданады.
Вакциналар қауіпті жүктер ретінде жіктелетін Техникалық нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тасмалдануы қажет.
Covid-19 вакциналарының қауіпсіз, сенімді және тиімді таралуын жеңілдету мақсатында әуе тасымалы арқылы осы ұсынымдарды қолдану ұсынылады. Ұсынымдармен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сайтында Covid-19 бөлімінде танысуға болады.