Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. Он екінші күн
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы он бір күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
24 наурыз, он екінші күн
Сағат: 08.20. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Нұр-Сұлтанда екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленеді. Тоқаевтың жаңа тапсырмаларының толық тізімі
Сағат: 09.25. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Алматыда екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар:
- 19 наурызда Ыстанбұл – Алматы рейсімен ұшып келген 1985 жылғы ер адам;
- Мәскеуден ұшып келген науқаспен қарым-қатынаста болған әйел.
Сағат: 09.45. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ хабарламасы
Холдинг келесі бағдарламалар бойынша несие алғандарға төлем бойынша үш айлық шегерім жасайды:
- "Еңбек" бағдарламасы;
- "Даму өндіріс" өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы;
- өңірлік бағдарламалар;
- "Даму" қорының бағдарламалары.
Оқи отырыңыз: "Тәулігіне 604 мың маска өндірілуде". Ақпарат министрі сұрақтарға жауап берді
Сағат: 10.45. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Алматыда бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Сағат: 12.00. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Нұр-Сұлтанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Оқи отырыңыз: #Biz birgemiz! Төтенше жағдай кезінде кімге және қандай көмек беріледі?
Сағат: 13.50. Электронды үкімет хабарламасы
Электронды үкімет порталында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған азаматтардың тіркелген орны/тұрғылықты жері белгіленген интерактивті карта қайта іске қосылды. Бұған дейін 22 наурызда порталға орналастырылған карта кейін толықтыру үшін алынып тасталған болатын.
Сағат: 14.10. Сыртқы істер министрлігінің хабарламасы
Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп, Қырғызстан үкіметінің көмегімен осы елдегі қазақстандық балаларды эвакуациялады. Ерекше диагнозы бар бұл балалар Қырғызстанда ем алып жатқан болатын.
Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап сабақты қалай оқиды? Министр түсіндірмесі
Сағат: 17.05. Бас анитарлық дәрігердің жаңа қаулысы
Қаулыға сәйкес, коронавирус жағдайы бойынша қолайсыз елдердің тізіміне өзгерістер енгізілді. Олардың санаты төрттен екіге қысқарды. Тиісінше, 1А санатына келесі елдер жатқызылды:
- Франция;
- Иран;
- Италия;
- Испания;
- Германия;
- Үндістан;
- Тайланд;
- Малайзия;
- БАӘ;
- Шри-Ланка;
- Египет.
Жоғарыда аталған елдерден келген азаматтар арнайы орындарда 14 тәулік карантинде жатады. Ал 1Б санатына коронавирус жұқтыру деректері тіркелген өзге барлық елдер жатады.
Сағат: 18.25. Қорғаныс министрлігінің хабарламасы
Министрлік Қарулы күштер қатарына көктемгі шақыру және әскерден босату уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: "АҚШ Италияның қателігін қайталауы мүмкін". Елдегі қазақстандықтар қалай өмір сүріп жатыр?
Сағат: 19.05. Алматы әкімдігінің хабарламасы
Алматыда коронавирус ошағының саны 10-нан 15-ке артты.
Алатау ауданы:
- "Заря Востока" ы/а, Сары-ой к-сі, 234;
- "Ақкент" ы/а, 7.
Алмалы ауданы:
- Желтоқсан к-сі, 125;
- Байтұрсынов к-сі, 78/1;
- Жароков к-сі, 16;
- Жароков к-сі, 7.
Медеу ауданы:
- Зенков к-сі, 59;
- Достық д-лы, 162;
- Гоголь к-сі, 75.
Жетісу ауданы:
- Еңлікгүл к-сі, 34а;
- Волочаевская к-сі, 51.
Түрксіб ауданы:
- "Алтай-1" ы/а, 8;
- "Жас қанат" ы/а, 86;
- Майлин к-сі, 77;
- Спасская к-сі, 63.
Оқи отырыңыз: Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?
Сағат: 21.40. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Шымкентте бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол қалаға Нұр-Сұлтаннан 20 наурызда келген. Қазір қалалық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Онымен қарым-қатынас болған адамдардың барлығы оқшауланған.
Сағат: 22.20. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Нұр-Сұлтанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?
Сағат: 22.25. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тиісінше, республика бойынша вирус жұқтырғандар саны 72-ге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.