Перейти на полную версию

Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. Он бірінші күн

Informburo.kz он бірінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы он күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23 наурыз, он бірінші күн

Сағат: 02.00. Сыртқы істер министрлігінің хабарламасы

СІМ баспасөз қызметі 803 қазақстандық азаматтың төрт шет мемлекеттен елімізге оралғанын хабарлады. Олардың ішінде:

  • Египеттен – 235 адам;
  • Түркиядан – 536 адам;
  • Венгриядан – 31 адам;
  • Оманнан – 1 адам.

Оқи отырыңыз: #Biz birgemiz! Төтенше жағдай кезінде кімге және қандай көмек беріледі?

Сағат: 10.00. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған әйелдің Мәскеуден 22 наурызда таңертеңгілік рейспен ұшып келгені белгілі болды. Онымен бірге 58 адам ұшқан. Қарым-қатынаста болған барлық адам оқшауланды.

Сағат: 10.45. Алматы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Алматыда:

  • үй карантинінде 1 472 адам;
  • провизор орталықтарында 660 адам;
  • карантин нысандарына 778 адам жатқаны белгілі болды.

Осы уақытқа дейін қалада коронавирус жұқтырған 25 адам тіркелсе, олардың 22-сі инфекциялық ауруханада, екі бала мен бірінің анасы балалар ауруханасында жатыр.

Оқи отырыңыз: Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?

Сағат: 11.35. Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасы

Минсктен Нұр-Сұлтанға 19 наурызда ұшып келген 71 жастағы азаматқа қатысты "Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары басталды. Ол карантинге жатудан бас тартып, Көкшетауға кетіп қалған.

Сағат: 12.20. Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарламасы

Әкімдіктің баспасөз қызметі қалаға 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінгенін хабарлады. Бағасы – 56 теңге. Бір адамға 5 маскадан артық сатылмайды. Дәріханалар тізімі:

  • "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы,
  • "Азия парк";
  • "Москва" БО;
  • "Хайвилл" ТК;
  • "Нұрсая";
  • "13 магистраль";
  • "7Я";
  • №10 емхана;
  • "Лазурный квартал" ТК;
  • "Аружан" сауда ойын-сауық орталығы;
  • "Проминат Экспо" ТК;
  • Триумф аркасы;
  • "Экспо Плаза" ТК;
  • Бараев;
  • "Сармат-1" ТК;
  • "Достар-3" ТК;
  • Империал,
  • Иманбаев, 8;
  • №6 емхана,
  • "7 континент" ТК;
  • "Визит" ТК;
  • "Қайнар" БО;
  • Тұран, 55;
  • Магнум (Алаш т.ж., 23/1).

Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?

Сағат: 12.40. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Алматыда бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол – Египеттен Алматыға 23 наурызда ұшып келген 1975 жылғы әйел. Ол бірден карантинге жатқызылған.

Сағат: 13.30. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, жаңа тапсырмалар берді. Атап айтқанда, енді:

  • төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленеді;
  • ел бойынша барлық ХҚКО жұмысы тоқтатылады;
  • коронавируспен күреске қатысқан түрлі сала қызметкерлеріне үстемеақы төленеді;
  • карантин себебімен жұмыссыз қалғандар көктемгі егістік жұмыстарына жұмылдырылады.

Президент тапсырмаларының толық тізімін осы жерден оқуға болады.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын қалай тиімді өткізуге болады? Пайдалы онлайн контент топтамасы

Сағат: 13.50. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Нұр-Сұлтанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тиісінше, республика бойынша вирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті.

Сағат: 15.00. Алматы әкімдігінің хабарламасы

Әкімдіктің баспасөз қызметі қалада жолаушылар тасымалының 70 пайызға азаюына байланысты қоғамдық көліктер 21.00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады.

Сағат: 15.40. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасы

Министрлік "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, "Карантиндегі жұлдыз" жобасын бастады. Отандық әртістер Live форматында онлайн өнер көрсетеді. Бұл концерттер Youtube желісіндегі "Қазақтелеком" АҚ ресми арнасында және Қазақконцерт арнасында көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: "Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар". Маман пікірі

Сағат: 16.30. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасы

Министр Дәурен Абаев Қазақстандағы коронавирус бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндап, БАҚ өкілдерінен келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Абаевтың сөзінен 6 сәуірден бастап оқушылардың қашықтан оқу жүйесіне көшетіні белгілі болды. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі онлайн білім беру жүйесін әзірлеп жатыр. Қосымша видеосабақтар "Балапан" арнасында қазақ тілінде, "Ел арнада" орыс тілінде көрсетіледі.

Министрге қойылған бірқатар сұрақтың жауабын толығырақ осы жерден оқуға болады.

Сағат: 16.30. Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы

Корнавирус жағдайы бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтар міндетті түрде 14 күн карантинге жатқызылады. Басқа елдерден келген азаматтар анализ тапсыру үшін 1 тәулік стационарға оқшауланады. Бойынан коронавирус анықталмаған жағдайда да олар 13 тәулік үй карантинінде жатуға міндетті.

Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап сабақты қалай оқиды? Министр түсіндірмесі

Сағат: 17.10. Air Astana хабарламасы

Air Astana 29 наурыздан бастап барлық халықаралық рейстерді тоқтататынын хабарлады. Оған дейінгі халықаралық рейстердің тізімі компанияның ресми сайтында жарияланған.

Сағат: 18.00. Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің қаулысы

Төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлердің 90 күнге редиттік каникул алатыны, ал тұрғындарға кредит төлемнін кешіктіргені үшін өсімпұл салынбайтыны белгілі болды. Бұл үшін онлайн өтініш беріп, растайтын құжаттар ұсыну қажет.

Оқи отырыңыз: "АҚШ Италияның қателігін қайталауы мүмкін". Елдегі қазақстандықтар қалай өмір сүріп жатыр?

Сағат: 18.30. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ хабарламасы

Холдингтің келесі еншілес компаниялары төтенше жағдайға байланысты тұрғын үй несиелері бойынша төлемді кейінге шегеретіні белгілі болды:

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі;
  • Қазақстан ипотекалық компаниясы;
  • Бәйтерек девелопмент.
Бұл акция сәуір – маусым аралығында әрекет етеді.

Сағат: 20.00. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасы

22 наурыз, сағат 00.00-ден бері елордаға 13 рейс келгені белгілі болды. 778 адамнан анализ алынып, олар расталмаған. Жолаушылар енді 14 күн үй карантинінде жатады.

Оқи отырыңыз: "Сақтаныңыздар, бұл – ойын емес!" Коронавирус тараған елдердегі қазақстандықтардың монологы

Сағат: 21.50. Ішкі істер министрлігінің хабарламасы

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 218 адам ұсталған. Оларың ішінде 105 адамның ісі сотқа жіберіліп, 113 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

  • 10 адам тұтқындалды;
  • 91 адамға айыппұл салынды;
  • 12 адамға ескерту жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Поделиться:

Новости партнёров