Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. 31 наурыз
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы он сегіз күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
31 наурыз, он тоғызыншы күн
Сағат: 00.15. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:
- 5 адам Нұр-Сұлтанда;
- 1 адам Ақмола облысында тіркелді.
Оқи отырыңыз: Иммунитеті мықтыға коронавирус қауіп емес. Оны қалай нығайтамыз?
Сағат: 09.45. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда тағы 17 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде:
- 9 адам Алматыда;
- 3 адам Қызылорда облысында;
- 2 адам Нұр-Сұлтанда;
- 1 адам Атырау облысында:
- 1 адам Ақтөбе облысында;
- 1 адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
Сағат: 11.50. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 адам көз жұмды. 50 жастағы азамат Нұр-Сұлтанда 21 наурызда ауыр халде ауруханаға жатқызылған болатын. Диагнозы – диабет, артериалды гипертензия және инсулинге тәуелділік. Бұл сырқаттар оның жағдайының ауырлауына ықпал етіп, ол 22 наурызда реанимацияға ауыстырылған. 31 наурыз сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтаған.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі
Сағат: 12.40. Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы
Қалада коронавирус жұқтырған азаматтар тұрған тұрғын үйлердің подъездері карантинге жабылады. Бұл подъездердің тұрғындарына жақын маңдағы дүкендер мен дәріханалардан қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіледі. Ал тұрғындардың сыртқа шығып кетпеуі үшін полиция карантинге жабылған подъездерді тәулік бойы күзетеді.
Сағат: 15.35. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 11 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде:
- 10 адам Қызылорда облысында;
- 1 адам Нұр-Сұлтанда тіркелді.
Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж
Сағат: 19.40. Атырау облысы әкімдігінің хабарламасы
Атырауда екі жаңа тоғыз қабатты үй карантиндік стационар ретінде пайдалану үшін беріледі. Береке ықшамауданында көпқабатты 10 үй салынып жатса, олардың үшеуі қазір толықтай әзір. Бір үйде тұрғындар қоныстанған болса, қалған екі үйге коронавирус жұқтырған науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар жатқызылады.
Сағат: 20.50. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 4 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде:
- 2 адам Нұр-Сұлтанда;
- 1 адам Солтүстік Қазақстан облысында;
- 1 адам Түркістан облысында тіркелді.
Осымен 31 наурыз қорытындысы бойынша республикада вирус жұқтырғандар саны 340-қа жетті:
- Нұр-Сұлтан – 178;
- Алматы – 82;
- Қызылорда облысы – 18;
- Қарағанды облысы – 13;
- Атырау облысы – 13;
- Ақмола облысы – 10:
- Алматы облысы – 8;
- Ақтөбе облысы – 3;
- Жамбыл облысы – 3;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 3.
- Шымкент – 2;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Павлодар облысы – 1;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Түркістан облысы – 1.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика
Сағат: 21.00. Мемлекет басшысының мәлімдемесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады.
- Зейнетақы, жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Бұл үшін мемлекет тарапынан 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.
- 42500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санаты кеңейеді. 3 млн жуық адамға қолдау көрсетіледі.
- Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. 800 мыңнан астам адамға беріледі.
- МӘМС бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзарады.
Сағат: 22.20. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Коронавирус жұқтырған екі адамның жазылғаны белгілі болды.
Жазылғандардың жалпы саны – 24.
Көз жұмғандар – 2.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.