Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы он бес күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

28 наурыз, он алтыншы күн

Сағат: 00.45. Қарағанды облысы әкімінің үндеуі

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек 28 наурыздан бастап ауданы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда орталықтары жабылатынын хабарлады. Бұл жерлердегі азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандар жұмысына ғана тыйым салынбайды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

Сағат: 10.10. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 41 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 18 адам Нұр-Сұлтанда;
  • 2 адам Алматыда;
  • 2 адам Шығыс Қазақстан облысында;
  • 2 адам Ақмола облысында;
  • 1 адам Алматы облысында;
  • 1 адам Қызылорда облысында;
  • 1 адам Атырау облысында.

Сағат: 11.30. Алматы облысы әкімдігінің хабарламасы

Алматы облысында коронавирус жұқтырған екі адамның мәліметі белгілі болды. Олар:

  • Қарасай ауданында тұратын 1995 жылғы әйел адам. Жүкті, 21-22 апта;
  • 20 наурызда Оңтүстік Кореядан ұшып келген 1997 жылғы әйел адам. Жамбыл ауданының тұрғыны.

Оқи отырыңыз: Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?

Сағат: 11.55. Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Қаладағы стационарлардан коронавирус жұқтырып, емделіп жазылған 10 адам үйіне шықты.

Сағат: 12.00. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 11 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 10 адам Нұр-Сұлтанда;
  • 1 адам Алматыда.

Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?

Сағат: 12.40. Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Қаладағы 3 медициналық мекеме карантинге жабылды. Олар:

  • Нұр-Сұлтан әкімдігі көппрофильді медорталығындағы инфекциялық блок;
  • Ұлттық кардиологиялық орталық;
  • №1 көппрофильді қалалық ауруханадағы акушерлік блок.

Сағат: 12.45. ШҚО әкімінің үндеуі

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі адамның мәліметі белгілі болды. Олар – 21 наурызда Египеттен келген 1959 жылғы ерлі-зайыптылар.

Оқи отырыңыз: "Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар". Маман пікірі

Сағат: 12.55. Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған бір адамның мәліметі белгілі болды. Ол – Оңтүстік Кореядан іссапардан оралған әйел адам. Қазіргі денсаулық жағдайы – орташа ауыр.

Сағат: 17.20. Polisia.kz сайтының хабарламасы

Төтенше жағдай режимі уақытында беташар өткізген Тараз қаласының тұрғыны 5 тәулікке қамаққа алынғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Сағат: 20.30. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 4 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 3 адам Қарағанды облысында;
  • 1 адам Атырау облысында.

Сағат: 21.50. Алматы әкімдігінің хабарламасы

Алматыда 12 жастағы оқушы қыз коронавирустан айығып, ауруханадан шықты.

Оқи отырыңыз: "Сақтаныңыздар, бұл – ойын емес!" Коронавирус тараған елдердегі қазақстандықтардың монологы

Сағат: 22.05. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 20 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 18 адам Нұр-Сұлтанда;
  • 1 адам Алматыда;
  • 1 адам Ақмола облысында.

Осымен 28 наурыз қорытындысы бойынша республикада вирус жұқтырғандар саны 228-ге жетті:

  • Нұр-Сұлтан – 135;
  • Алматы – 59;
  • Ақмола облысы – 6:
  • Алматы облысы – 4;
  • Атырау облысы – 5;
  • Қарағанды облысы – 7;
  • Жамбыл облысы – 3;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2;
  • Шымкент – 2;
  • Ақтөбе облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 1.
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1;

Сағат: 22.05. Алматы әкімдігінің хабарламасы

Алматыда коронавирус жұқтырған екі ер адам жазылып, ауруханадан шықты. Қазақстан бойынша жазылғандардың жалпы саны – 18.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.