Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 48 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 3 402

  • Алматы – 1 051;
  • Нұр-Сұлтан – 645;
  • Қызылорда облысы – 201;
  • Шымкент – 192;
  • Қарағанды облысы – 149;
  • Батыс Қазақстан облысы – 146;
  • Атырау облысы – 139;
  • Жамбыл облысы – 130
  • Павлодар облысы – 129;
  • Алматы облысы – 127;
  • Түркістан облысы – 124;
  • Ақмола облысы – 99;
  • Ақтөбе облысы – 109;
  • Қостанай облысы – 50;
  • Маңғыстау облысы – 48;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20.

Жазылғандардың жалпы саны – 866.

Көз жұмғандар – 25.

23.59 – 30 сәуірде 47 адам коронавирустан жазылып шықса, вирус жұқтырған 264 адам анықталды.



23.45 – 1 мамырдан бастап Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы аумағында келесі кәсіпкерлік нысандарының жұмысы қайта басталады:

  • өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс және жол-құрылыс, көлік компаниялары, банктер және қаржы ұйымдары, ХҚКО, автоХҚКО;
  • оптика, ателье, ломбардтар, айырбастау пункттері, нотариалдық кеңселер, сақтандыру қызметтері, фотосалондар, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілемдерді тазалау, аяқ киім, оргтехника жөндеу объектілері, шиномонтаж, автожуу;
  • гүл, құрылыс дүкендері, көшеттерді сату, автосалондар және тұрмыстық техниканы сататын дүкендер;
  • бау-бақша ұжымдарының қызметі (растайтын құжаттар болған жағдайда).

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?

23.25 – Алматыда қала аумағында коронавирустың 149 ошақ аймағы тіркелген.

Қала аумағындағы коронавирустың 226 ошақ аймағынан шектеу шаралары алынып тасталды, соның 11-і соңғы тәулікте алынған.



23.10 – Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған үш адам анықталды:
Үшеуі де Қызылорда қаласының тұрғыны. Барлығы 40 жастан асқан әйел адамдар. Бұл кісілерден коронавирус инфекциясы қауіптілік топтарын скринингтік тексергенде анықталған.
Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

23.00 – Коронавирус жұқтырған тағы 46 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 6;
  • Алматы – 23;
  • Қызылорда облысы – 3;
  • Атырау облысы – 4;
  • Алматы облысы – 2;
  • Жамбыл облысы – 7;
  • Қостанай облысы – 1.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 3 402 адам анықталды.

22.40 – Жамбыл облысында коронавирус анықталған үш адам туралы:

Тараз қаласының тұрғыны бір күн бұрын дене қызуының жоғарылауына және тамақтың ауыруына қатысты шағымданған. Алынған зертханалық зерттеулер коронавирусты растады.Жақын байланыста болған 18 тұлға анықталып, карантинге оқшауланды.

Екінші науқас – 1987 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Ол бұған дейін вирус жұқтырған тұлғамен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Талдау нәтижелері белгілі болғаннан кейін науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Атырау облысының "Теңіз" кенішінде вахталық жұмыс істейтін 1988 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғынынан да вирус анықталды.⠀

Оқи отырыңыз: "Көмек, қолдау сұрауға арланбаңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес.

22.20 – 8 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Алматы – 2;
  • Шымкент – 1;
  • Жамбыл облысы – 3;
  • Маңғыстау облысы – 1.

Қазақстанда барлығы 866 адам емделіп, сауығып шықты.

20.20 – Алматы облысының Кеген ауылы карантинге жабылады.

Кеген ауданында тағы үш азаматтан Covid-19 анықталды. Осылайша ауданда коронавирус жұқтырғандар саны алты адамға жетті. Сондықтан Кеген ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің арнайы қаулысы шығып, Кеген ауылы уақытша карантинге жабылады.

Пациенттер – 1957, 1971 және 1987 жылы туған азаматтар. Олардың екеуі бұған дейін ауырған сырқатпен байланыста болғандықтан Кеген аудандық орталық аурухананың провизорлық бөлімінде карантинде болған. Енді үш науқас та Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылады.

21.00 – 4-10 мамыр аралығында ақша айырбастау орындары мен ломбардтардың жұмыс кестесі бекітілді. Олар санитарлық қорғау шараларын (медицина маскасы, қолғап, санитайзер, үй-жайды дезинфекциялау) сақтай отырып, 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: "Денсаулық сақтау, білім беру салаларын түбегейлі реформалау қажет". Президент мәлімдемесіндегі 10 маңызды мәселе

20.15 – Павлодар облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:

Кенжекөл ауылының 1984 жылғы тұрғыны дене қызуының көтерілуі және әлсіздік белгілері бойынша облыстық балалар ауруханасының провизорлық стационарына ЖРВИ диагнозымен жатқызылған. Covid-19 анықтауға алынған тест бұл кісінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын көрсетті. Одан кейін науқас жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Бұл азаматтың айтуынша, соңғы уақытта ешқайда шықпаған, вирус жұқтырған адамдармен байланыста болмаған, дегенмен, жұмыс барысында өнеркәсіптік аймақта бау-бақшаны күзетуге араласқан.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 129 адам тіркелген.

19.30 – 27 сәуірде Арқалық қаласындағы 84 жастағы науқастың үйдегі өлім жағдайын зерттеу бойынша комиссия қорытындысы:

Науқас 2020 жылы наурыздан бастап тіркелген орны бойынша "үшінші дәрежелі күретамыр гипертониясы, 3 қауіптілік. Гипертензивті энцефалопатия" диагнозымен Арқалық қалалық емханасында "Д" есебінде тұрған. Соңғы екі айда негізгі ауруы бойынша үйге бірнеше рет медициналық жедел жәрдем шақырылғаны анықталды, оған медициналық ақпараттық жүйе дәлел.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сондай-ақ науқастың жасын және созылмалы ауруының болуын ескере отырып, комиссия осы кісінің өлімі жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі себебінен болды деген тұжырым жасады. Коронавирус инфекциясының анықталуы ілеспелі ауру саналады.

18.45 – Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 1 028-ге жетті:

  • 14 жасқа дейін – 37;
  • 15-19 жас – 53;
  • 20-29 жас ‒ 279;
  • 30-39 жас ‒ 181;
  • 40-49 жас ‒ 160;
  • 50-59 жас ‒ 149;
  • 60 жас және одан жоғары – 70.

Байланыста болған 14 541 адам анықталды, олардың ішінде 2 760 – жақын қарым-қатынаста, қатынаста болуы ықтимал адам саны – 11 781.

Күн сайын өсім 7% құрады. 115 адам стационарда емделіп, 14 күндік үй карантиніне шықты.

Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім

17.55 – Алматыда BMW маркалы автокөлігінің жүргізушісі Талғар трактімен батыс бағытта келе жатып, №13 блок бекетте қызмет атқарған полиция қызметкерін қағып кетті. Полиция зардап шеккен жоқ. Көлік құралын басқарған азамат А. 1943 жылы туған.

Оқиға орнында жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады. Келу фактісін тексеруді Медеу ауданының ЖПБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесі жүзеге асырады.

17.45 – Талдықорғанға Дубайдан тағы бір рейс ұшып келеді. Борттағы 168 адам Қапшағай қаласы маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылады. Демалыс орны аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Облысқа келген бетте жолаушылардан анализ алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес олар арнайы автоубстармен тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі.

17.33 – Коронавирус жұқтырған 83 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 8;
  • Алматы – 40;
  • Ақтөбе облысы – 27;
  • Алматы облысы – 3;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 4.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 3 356 адам анықталды.



17.30 – Төтенше жағдай басталғаннан 28 сәуірге дейін 30 көліктік бақылау бекетінде 9 889 автокөлік тексеріліп, 1 768 бұзушылық анықталды, 3 327 қазақстандық рұқсат бланкі мен ЕАЭО сыртқы шекарасынан келіп түскен 952 хабарлама рәсімделген. 54 млн теңгеден астам айыппұл және 16 млн теңгеден астам сомада алымдар өтелді.

Оқи отырыңыз: Карантин талабы жеңілдеді. Енді аулаға шығуға, саяжайға баруға рұқсат

17.20 – Алматыда коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест жасатуға болатын зертханалар мекенжайы мен телефоны:

  • Ұлттық сараптама орталығының" филиалы: Жібек жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77;
  • "ОЛИМП": Медеу ауданы - Халиуллин к. 32, Сейфуллин к. 549, Жандосов к. 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к. 221/155, Гагарин к. 236б. Тест 8 (701) 961 7307 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу);
  • INVIVO зертханасы: Қарасай батыр к. 123, қоңырау шалу орталығы: 8 (727) 258 83 83, 8 (778) 769 38 81;
  • "Медикер" ПЦР тәсілімен тест жасайды: Сәтпаев к. 18А. Тел.: +7 (701) 034 57 26, +7 (701) 034 57 23.
  • Тест құны әр жерде әртүрлі: бір ПТР зерттеуінің бағасы 9-10 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін.


17.10 – Алматыда екі мыңнан астам адам саяжайға бару үшін қаладан шыққан, деп хабарлады Polisia.kz.

29 сәуірде 1021 автокөлік пен 2093 адам саяжайына бару үшін бақылау-өткізу бекеті арқылы қаладан шыққан. Азаматтардың көпшілігі жол тосқауылдарын жаяу жүріп өткен.

17.05 – Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова кейбір шектеу шаралары алынғанына қарамастан балалар да, ересектер де маска тағуға міндетті. Әсіресе адамдар көп жиналатын аула алаңдарында тағып жүруі керек.

17.00 – 26 адам коронавирустан жазылды:

Нұр-Сұлтан – 8;
Алматы – 10;
Ақмола облысы – 3;
Қарағанды облысы – 4;
Түркістан облысы – 1.

Қазақстанда барлығы 858 адам сауығып шықты.

16.50 – Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС есебінен сақтандырылған азаматтарды Covid-19 сынамасына тестілеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Оның сөзінше, эпидемия тұрақтанғаннан кейін халықты үш көзден тұрақты тестілеуді өткізу көзделіп отыр:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бюджет есебінен – ауырған азаматтар және олармен байланыста болғандар;
  • арнайы кесте бойынша жұмыс істейтін және сақтандырылған халық – МӘМС есебінен. Медицина қызметкерлері мен әскерилер мемлекеттік қаржыландыру есебінен болуы мүмкін.
  • қалғандары-ақылы.

16.40 – Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды. Бірі – "Теңіз" мекемесінде жұмыс істейтін 1987 жылғы Бейнеу ауданының тұрғыны. 29 сәуір күні ауданға келе сала тұрғыннан коронавирусты анықтайтын сынама алынған. Нәтижесі – оң. Екінші науқас – жаңаөзендік 7 жасар бала. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Диагноз нақтыланды.

Өңірде барлығы 48 адамнан Covid-19 анықталды.

Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді?

16.35 – Нұр-Сұлтанда 12 науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Олардың төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жұқтырғандар арасында 18-29 және 30-49 жастағылар көп – 36%. Балалар – 4,2%. 50-59 жастағылар – 14%, 60-69 жастағылар – 6,5%, 70 жастан жоғарылар – 3,7%.

16.30 – Нұр-Сұлтанда Covid-19 анықталған 150 медицина қызметкерінің үштен бір бөлігі ғана вирусты жұмыста жұқтырған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Оның сөзінше, комиссяи медицина қызметкерлерінің қалай жұқтырғанын тергеп жатыр.

16.25 – Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте 26 адам коронавирус жұқтырған: 8 адам – үй карантиніндегілер, екеуі – қауіп тобынан, екеуі – ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер және емдеуде жатқан бір адам.

2724 адам – үй карантинінде, 1165 адам стационарда жатыр. Арасында 53 бала бар.

15.55 – Алматы облысындағы Заречный кентіне карантин енгізілді.

Қапшағайда коронавирус жұқтырған 13 адам анықталды. Бесеуі – Қапшағай қаласында, алтауы Заречный ауылында анықталса, екеуі – Атыраудан жеткізілген "Теңізшевройл" ЖШС вахталық жұмысшысы. Жұқтырғандардың ең үлкені – 1958 жылы туған азамат, кішісі – 9 айлық бала.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет?

15.45 – Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушылар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 26 сәуірде қала тұрғыны үйінде “ауызашар” ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын шақырған. Кешкі астан кейін моншаға барған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды.

15.35 – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында көшеде маска тағу ұсынылатынын, алайда маска тақпағандарға әкімшілік шаралар қолданылмайды делінген.

15.30 – Altay Asset Management компаниясының басшысы, бизнесмен, бұрынғы қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов 25 сәуірде өткен веложарыс үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады,деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Веложарыс туралы бизнесмен әлеуметтік желіге жазған. Кейіннен жазбасын өшіріп тастаған. Әкімшілік өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Оқи отырыңыз: 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе байланысы ашылады. Жолаушылар нені білуі керек?

15.20 – 24 сәуірден бастап Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін уақытша Гүлнар Құлқаева атқарады. Ол – Нұр-Сұлтандағы ұлттық ғылыми онкологиялық орталық басшысының орынбасары.

15.15 – Үш адам коронавирустан жазылды: Шымкент – 1, Алматы облысы – 2. Қазақстанда барлығы – 832 адам.

15.10 – Шымкентте коронавирус жұқтырған екі адам туралы:

1969, 1970 жылдары туған азаматшалар өздеріне дейін коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. Карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Шымкентте Covid-19 жұқтырған 192 адам тіркелген.

14.20 – Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы – облыстың бас дәрігері болып Жаманбаева Жамал Әбдібекқызы тағайындалды.

14.10 – ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия өңірінде көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге: екінші айдың әлеуметтік төлемі қашан беріледі?

13.50 – Шымкентте қашықтан білім алатын мұқтаж отбасылардың балаларына 200 планшет табысталды. "Кусто хелп" қайырымдылық акциясының көмек қорына 8,5 млн теңге жиналған.


Фотоны Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

13.30 – Қала сыртындағы саяжайына баратындар өзімен бірге олардың саяжайы бар екенін растайтын кез келген құжатты алып жүруі керек:

  • бау-бақша өсірумен айналысуға берілген құжат;
  • бау-бақша және саяжайлық үй құжаты;
  • бау-бақша өсіру және саяжайлық құрылыс салуға арналған құжат;
  • бау-бақша өсіру және саяжайлық үйді пайдалануға берілген құжат;
  • саяжайлық телімді пайдалануға және оны күтіп-баптауға арналған құжат.

13.28 – Батыс Қазақстан облысында 29-30 сәуірде коронавирус жұқтырған 20 адамның 10-ы – медицина қызметкері. Олар коронавирус жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкерлер ретінде тексерілген.

13.25 – Коронавирус жұқтырған тағы 68 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Алматы – 44;
  • Шымкент – 2;
  • Маңғыстау облысы – 2;
  • Жамбыл облысы – 3;
  • Алматы облысы – 13.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 3 273 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: Covid-19: төтенше жағдай кезінде интернет тұтынушы үшін қауіп қандай?

13.20 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 анықталған 8 адам туралы:

Екі адам Ресейден келген. Бірі вахталық әдіспен жұмыс жасаған 29 жасар БҚО тұрғыны болса, екіншісі – Ресейде оқитын 18 жастағы Шымкент тұрғыны. Шекарадағы эпидемиолог мамандар бұл азаматтарды да карантиндік стационарға тексеруге жіберг.ен.

Коронавирус анықталған қалған 6 адам – медицина қызметкері. Олардың барлығы да коронавирус жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер ретінде тексерілген. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен вирус нақтыланды. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында барлығы 146 адамнан вирус анықталды.

12.50 – 10 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 3;
  • Атырау облысы – 4;
  • Қызылорда облысы – 3.

Қазақстанда барлығы 829 адам емделді.



12.40 – Нұр-Сұлтанда 4 мамырдан бастап сағат 9.00ден 17.00-ге дейін келесі қызмет түрлерінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі:

  • барлық бағыттағы аумағы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер;
  • шаштараздар, тігін ательелері мен аяқ киім шеберханалары;
  • жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
  • медициналық орталықтар, стоматология клиникалары;
  • жарнама агенттіктері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
  • фотосалондар және гүл дүкендері;
  • клинингтік қызметтер;
  • көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;
  • ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді?

12.30 – Шымкентте Covid-19 анықталған адам туралы:

1966 жылғы азамат – халықаралық жүктерді тасымалдайтын көлік жүргізуші. 27 сәуірде таяу шетелден келген. Стационарлық карантинге оқшауланған. Covid-19 бар-жоғы тексеріліп, нәтижесі оң болды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

Шымкентте коронавирус жұқтырған жалпы 190 адам тіркелген.

12.10 – Қарағанды облысында Covid-19 анықталған 7 адам туралы:

Қарағандыда 1953 және 1969 жылғы әйел адам мен 1968 жылғы ер адам бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантинге алынған.

Теміртауда 1963 және 1971 жылғы ер адам пульмонологиялық госпитальда болған. 1962 жылғы әйел адам мен 1964 жылғы ер адам жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантинге жатқызылған.

Қарағанды облысында коронавирус барлығы 149 адамнан анықталды. Бір адам көз жұмса, 57 адам сауығып кетті.

12.05 – Қызылорда облысында Covid-19 анықталған 11 адам туралы:

Науқастар Қызылорда қаласынан. Бұрын коронавирус анықталған тұлғалармен байланыста болып, карантиндік бақылауға алынған. Олардың жағдайы бірқалыпты , емдерін хаттамаға сәйкес алып жатыр.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 198 жетті.

Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі

11.55 – Маңғыстау облысында Covid-19 жұқтырған адам туралы:

1993 жылғы ер адам Қарақия ауданы, Сенек ауылының тұрғыны. Ол сол ауылда коронавирус анықталған алғашқы адаммен қарым-қатынаста болған. Сол себепті зертханалық сынама алынып, оң нәтиже көрсетті.

Маңғыстау облысында барлығы 46 адамнан коронавирус анықталды.

11.45 – Атырау облысындағы "Теңіз" кенішінде коронавирус жұқтырған барлығы 71 жұмысшы анықталды. 12 адам жазылып шықты. Олармен байланысқан жалпы 1 500 астам жұмысшы анықталған: 847 адам – жақын қатынаста, 718 адам байланыста болған.

11.25 – Петропавл қаласының полицейлері карантинде жұмыс істеген саунаны анықтады, деп хабарлады Polisia.kz. Қаладағы екі кәсіпкер жексенбілік кешті саунада өткізбек болған. Осылайша телефон арқылы сауна иесімен келіседі. Полицейлер келіп, клиенттердің демалысын тоқтатады. 1981 және 1985 жылы туған екі келушіге, сондай-ақ 43 жастағы иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабы бойынша 10 АЕК мөлшерінде көлемінде айыппұл салынды.

Солтүстік Қазақстан облысында ӘҚтК 476-бабы бойынша 634 хаттама толтырылған. 29 көңіл көтеру орнының, 27 сауда орнының иесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ, карантиндік оқшаулау орнынан шығудың сегіз жағдайы анықталды.

11.15 – Алматыда төтенше жағдай кезінде 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлем 63,2 мың адамға берілген. Ал азық-түлік жиынтықтары 12 797 адамға таратылған.

Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?

11.10 – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған үш адам туралы:

Барлығы 28 сәуір күні коронавирус анықталған 1952 жылғы әйелмен үй ошағы бойынша жақын байланыста болған. Жұқтырғандар – 1988 жылғы әйел адам мен 1989 жылы туған ер адам, 2017 жылы туған бала. Олар жұқпалы аурулар стационарына оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайлары – орташа дәрежедегі ауырлықта.

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 20 адам тіркелген.

10.50 – 1 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы саябақтар ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Берілген рұқсат қағаздары негізінде және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ата-аналарға балаларымен бірге серуенге шығып, саябақтарда қыдырып, таза ауада дене шынықтырып, алаңқайларда ойнауға рұқсат етіледі.

10.40 – Алматыда 471 мың адамға 42 500 теңге әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту себептері:

  • соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар болмауы – 68%;
  • өтініш беруші мемлекеттік органдары басқаратын тұлға – 5,8%;
  • төлем мен жәрдемақы алушылар – 20%;
  • екіден астам төлеушілерден міндетті әлеуметтік аударымдар – 6%;
  • Қазақстаннан шетелге кеткендер, алушының қайтыс болуы – 0,2%

Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

10.35 – Павлодар облысында коронавирус жұқтырған бір адам туралы:

Екібастұз қаласының 1994 жылғы тұрғыны өзіне дейін коронавирус жұқтырған адаммен байланыс жасаған. Науқас декреттік демалыста үйде отырған, қазір жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Онымен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталды, эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жалпы 128 адам тіркелген.

10.10 – Қостанай облысында коронавирус жұқтырған төрт адам туралы:

Жітіқара қаласында тұратын 1962, 1975 және 1990 жылғы әйел адамнан және 2009 жылғы оқушы қыздан Covid-19 табылды. Олар бұған дейін коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 14 сәуірден бастап карантиндік стационарда болды. Екінші қайтара тексерген кезде ПТР зерттеуі вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қостанай облысында коронавирус барлығы 49 адамнан анықталды, олардың ішінде 3 адам сауығып шықты.

09.40 – Коронавирус жұқтырған тағы 67 адам тіркелді:

  • Павлодар облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 11;
  • Нұр-Сұлтан – 6;
  • Шымкент – 1;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3;
  • Алматы – 7;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Батыс Қазақстан облысы – 8;
  • Қостанай облысы – 4;
  • Ақтөбе облысы – 17;
  • Қарағанды облысы – 7;
  • Ақмола облысы – 1.


Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406