Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 49 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.20. Коронавирус жұқтырғандар саны – 3 597

  • Алматы – 1 150;
  • Нұр-Сұлтан – 653;
  • Қызылорда облысы – 207;
  • Шымкент – 204;
  • Батыс Қазақстан облысы – 153;
  • Қарағанды облысы – 152;
  • Атырау облысы – 146;
  • Павлодар облысы – 145;
  • Жамбыл облысы – 140;
  • Алматы облысы – 142;
  • Түркістан облысы – 128;
  • Ақтөбе облысы – 118;
  • Ақмола облысы – 99;
  • Маңғыстау облысы – 57;
  • Қостанай облысы – 50;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23.

Жазылғандардың жалпы саны – 922.

Көз жұмғандар – 25.

23.50 – Батыс Қазақстан облысында індетке шалдыққан адам Ресейде жұмыс істейтін Шымкенттің 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Шекарадағы санитарлық-карантиндік бекеттегі тексеріс кезінде азаматтың денсаулығына еш шағымы болмаған. Алайда, карантиндік стационарға жатқызылып, ПТР диагностикалық зерттеу жүргізгенде КВИ жұқтырғаны анықталды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды.

Облыста Covid-19 вирусын жұқтырған 153 адам анықталды, оның ішінде 10 адам індеттен жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?

23.44 – Қарағанды облысында қауіпті кеселді 19 жастағы азамат жұқтырды. Ол Жезқазған қаласына Ресей Федерациясынан оралған. Сапардан келген бойда бірден провизорлық госпитальге жатқызылған. ПТР талдау нәтижелері оның Covid-19 диагнозын растады. Науқас қазір жұқпалы аурулар ауруханасында.

Өңірде инфекцияны 152 адам жұқтырған, оның ішінде 1 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: "Тәулігіне 604 мың маска өндірілуде". Ақпарат министрі сұрақтарға жауап берді

23.20 – КВИ жұқтырған тағы 23 адам тіркелді. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Алматы – 7;
  • Ақтөбе облысы – 4;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 4;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 3;
  • Маңғыстау облысы – 2.

Елімізде індетке шалдыққан жалпы 3 597 адам анықталды.

23.15 – "Теңізшевройл" шығарылған қызметкерлерге өтемақы төлейді, қалғандары үстемеақы алады, деп хабарлады мекеменің бас директоры Имер Боннер. Соңғы мәлімет бойынша, Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 82 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, 1674 адам ауру жұқтырғандармен байланыста болған. Кен орнынан 12 мың қызметкер шығарылды.

Оқи отырыңыз: Мектепте тарих пәнін медицина тарихын оқытудан бастау керек

22.00 – Танымал қытайлық кәсіпкер, "Alibaba Group" компаниясының негізін қалаушы Джек Мадан Алматыға гуманитарлық көмектің екінші партиясы жетті. Бұл жолы миллиардер Covid-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын 50 мыңнан астам тест жүйесі мен 30 мың дана өкпені жасанды желдету аппараттын жіберген.

Қытайлық кәсіпкер 10 сәуірде елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, медициналық қолғаптар, байланыссыз термометрлер) жолдаған болатын.


Джек Ма жіберген гуманитарлық көмек / СІМ баспасөз қызметінің суреті

21.40 – Қазақстанда тағы 2 адам індеттен айықты. Оның біреуі Нұр-Сұлтанда, тағы бірі Жамбыл облысында емделді. Елімізде барлығы 922 адам сауығып шықты.



21.35 – Алматы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің деректеріне сәйкес, 1 мамырдағы жағдай бойынша қала аумағында коронавирус инфекциясының 144 ошағы бар.

Бұған дейін індетті жұқтыру қаупі бар деп қоршалған 243 аймақтан, оның ішінде соңғы тәулікте 17 ауру ошағынан шектеу шаралары алынды.



21.15 – Түркістан облысында алқапта шашылып, ысырап болған қырыққабаттың мәселесі шешілді. Аймақ әкімдігі мен "Дегдар" қайырымдылық қоры өнімнің 300 тоннаға жуығын балалар үйлері мен аз қамтылған отбасыларға тарататын болды. Сонымен қатар, Жетісай ауданының әкімі Алматы қаласының әкімдігімен хабарласып, 300 тонна қырыққабатты мегаполистің базарларына сатуға жіберді. Бұған дейін Түркістан облысының диқандары піскен қырыққабаттың бес гектарын жинап, оны елден тегін алып кетуді сұраған еді. Өйткені, шаруалар өсірген өнімдерін карантинге байланысты көршілес Ресейге экспорттай алмаған.


Қырыққабатты еліміздің өзге облыстарына жөнелту жұмыстары / Түркістан облысы әкімдігі сайтының суреті

20.10 – Елімізде Covid-19 вирусын жұқтырған 2 науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды:

  • Нұр-Сұлтан ‒ 1 адам;
  • Қарағанды облысы ‒ 1 адам.

Қазақстанда барлығы 52 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.

Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

19.30 – Қазақстанда тағы 21 адам індеттен айықты:

  • Нұр-Сұлтан – 5;
  • Алматы – 12;
  • Шымкент – 1;
  • Ақмола облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 1;
  • Түркістан облысы – 1.

Елімізде барлығы 920 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі

17.40 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Ресейдің Премьер-Министрі Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуіне тілек білдірді.

"Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күресте бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізуде. Мен бірлескен қимылдарымыздың арқасында қиындықты еңсереміз деген ойдамын", – деді Мемлекет басшысы.

17.32Қауіпті кеселге шалдыққан тағы 23 адам тіркелді. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан – 2;
  • Алматы – 3;
  • Шымкент – 3;
  • Ақтөбе облысы – 5;
  • Атырау облысы – 6;
  • Павлодар облысы – 3;
  • Түркістан облысы – 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 574 адам анықталды.

17.20 – Ақтауда әлеуметтік желі қолданушылары коронавирус ескерткіші деп келемеждеген "Бақбақ" субұрқағы бұзылды. Алайда оны не себепті бұзу туралы шешім қабылданғаны белгісіз, деп хабарлады Lada.kz басылымы.



17.10 – Коронавирус инфекциясы Семей қаласының тағы үш тұрғынынан анықталды. Олардың барлығы індетті бұрын жұқтырған 1952 жылы туған науқаспен байланыста болған. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мәлімінше, сырқаттанған әйелдің үйінде отбасылық жиын өтіп, ең жақын туыстары бас қосқан. Бүгінгі күнде сол жиынға қатысқан сегіз адамның жетеуіне Covid-19 табылды. Олардың арасында 2017 жылы туған бала бар.

Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы. Маңызды 10 сұраққа жауап

16.45 – Алматы облысының Жамбыл ауданында коронавирусты үшінші сынып оқушысы жұқтырды. Ол Алматыда ауырған науқаспен байланыста болған. Сондай-ақ, облыста 1989 жылы туған Жаркент тұрғыны жұқпалы ауруға шалдықты. Ол дене қызуының 37,3 граудсқа дейін көтерілуіне байланысты медициналық көмекке өз бетімен жүгінген. Сондай-ақ, індет жұқтырған үшінші науқас Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде анықталды.

16.35 – Оралда коронавирус жұқтырған 30 адам аурухана есігін бұзып шығып, өздерін үйлеріне жіберуді талап етті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы науқастар далада дауласып, бас дәрігер немесе облыс әкімімен кездесуді талап етті. Олар дендерінің сау екенін айтып, дәрігерлерге сенбейміз деп шу шығарған. Бірақ аурухана басшылығы бұлардың көбінде ауру белгілері жоқ болғанымен, ағзаларында вирус бар екенін атап өтті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақыртылды. Тәртіп сақшылары мекеменің барлық аумағын қоршауға алды. Полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң, айқайға басқандар палаталарына тарқасты.

Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де, өзгелерге де қамқор болыңыз". Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес

16.15 – Қазақстанда тағы 20 адам індеттен жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Атырау облысы – 6;
  • Қарағанды облысы – 4;
  • Түркістан облысы – 4;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 3;

Елімізде барлығы 899 адам қауіпті кеселден емделіп шықты.

16.00 – Алматыда өткен тәулік ішінде 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып үйлеріне жіберілді. Олардың оны – Орталық қалалық клиникалық аурухананың медицина қызметкері, төртеуі – Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері және вирусы бұрын анықталған науқаспен байланыста болған бір әйел.

Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім

15.57 – Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы:

Кеше қалада індет 114 адамнан анықталса, бүгінгі жаңа 89 жағдай тіркелді. Сырқаттанғандардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болған. Төртеуі Мәскеу-Ақтөбе-Алматы рейсімен ұшып келген. Қалғандарынан вирус тест жасату нәтижесінде анықталды.

Алматының инфекциялық стационарларында 1015 адам емделуде. Оның ішінде 39-ы бала. Науқастардың жағдайы:

  • өте ауыр – 2 адам;
  • ауыр – 27 адам;
  • ауырлықтың орташа дәрежесінде – 208 адам;
  • қалғандары қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үйде 11 846 адам бар.

Оқи отырыңыз: 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтіні

15.30 – Қазақстанда бас санитарлық дәрігерге кеңейтілген өкілеттіктер берілді. Енді ол өз қаулысымен елдің барлық аумағында шектеу іс-шараларын енгізіп, олардың күшін жоя алады. Бұл ретте қаулы мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеттіктері мына тұрғыдан кеңейтілді:

  • карантиндік аймақтарды белгілеу туралы шешім қабылдау құқығымен, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы кіруге және шығуға шектеу енгізу туралы шешім;
  • инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан қорғалатын аумақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды толық үйлестіру;
  • эпидемиологиялық қызметтердің штаттық саны көбейтіп, эпидемиологтар арнайы мемлекеттік органдарға артықшылықтары бойынша теңестіріледі.

Сондай-ақ, елімізде санитарлық медициналық бақылаудың жеке қызметі пайда болады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетін қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады еліміздің Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі

14.45 – Қостанай облысының шекарашылары "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде 1 млннан астам медициналық бетпердені заңсыз әкетудің алдын алды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген құралдардың сомасы 118 млн теңгеге жуықтайды. Ұйымдастырушылар жеке қорғаныс құралдарын халық тұтынатын тауарлар тиелген жүкке жасырған.


Миллион дана масканы Қазақстаннан шығармақ болды / ҚР ҰҚК суреті

14.43 – Covid-19 "Теңізшевройл" кәсіпорнында жұмыс істейтін Қостанай облысының Лисаков қаласының тұрғынынан расталды. Бұл туралы "Алау" хабарлады. Қазіргі уақытта науқас облыстық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. 29 сәуірде Қостанай облысына Атырау қаласынан 358 адам келген.

Оқи отырыңыз: 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе байланысы ашылады. Жолаушылар нені білуі керек?

14.40 – Алматы әуежайы алғашқы жолаушыларды қабылдады. Нұр-Сұлтаннан оңтүстік астанаға алғашқы рейс сағат 11.00-де ұшып келді. Сондай-ақ, SCAT әуе компаниясының тағы бір борты сағат 12.00-де қонды. Елордадан Алматыға бүгін барлығы 4 рейс келеді. Ал астанаға 5 рейс ұшып шығады деп жоспарланған.

Әуе компанияларының ұшуға рұқсат етілген орындардың жүктемесі 90 пайыздан асты. Нұр-Сұлтан және Алматы арасындағы рейстердің алғашқы күнінде 700-ге жуық адам әуе компанияларының қызметтерін пайдаланды.



14.10 – Жамбыл облысында Теңіз вахталық кентінен келген 9 адамнан коронавирус табылды. Өңірге келгеннен кейін олар бірден карантиндік стационарға оқшауланған еді. Сонымен қатар, облыста індетті Тараз қаласында екі адам жұқтырды. Оның бірі Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны және Байзақ ауданындағы бес жасар бала.

Оқи отырыңыз: Карантин талабы жеңілдеді. Енді аулаға шығуға, саяжайға баруға рұқсат

13.55 – Қарағанды облысында коронавирусты жұқтырғандар (Қарағандыда 1961 жылы туған ер адам және Абай қаласында 1996 жылы туған әйел) бұрын ауырған емделушімен байланыста болған.

13.15 – Covid-19 жұқтырған тағы 13 адам сауығып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Шымкент – 2;
  • Ақмола облысы – 5;
  • Ақтөбе облысы – 3;
  • Қарағанды облысы – 2.

Елімізде барлығы 879 адам індеттен жазылды.

Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?

12.50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 47 адам тіркелді:

  • Алматы – 10;
  • Шымкент – 8;
  • Павлодар облысы – 13;
  • Қарағанды облысы – 2;
  • Қызылорда облысы – 3;
  • Жамбыл облысы – 4;
  • Маңғыстау облысы – 6;
  • Атырау облысы – 1.

Елімізде індетке шалдыққандардың жалпы саны – 3 551.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге: екінші айдың әлеуметтік төлемі қашан беріледі?

12.30 – Covid-19 жұқтырған Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының қызметкерлері Президентке хат жазды. Олар өздеріне өтемақы төлемеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі ауруды жаппай жұқтырғандығына жауапкершілікті аударуға тырысуда деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов төлемдер тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша жүргізілетінін және бұл пікірталасқа қоғамдық пікір көшбасшыларын, журналистерді қатысуға шақырды. Ол әріптестерінен дәрігерлерде туындаған қиындықтарды тез арада шешуді сұрады.

12.00 – Маңғыстау облысында коронавирус Қарақия ауданы Сенек ауылының 73 жастағы тұрғынынан анықталды. Бұған дейін ол сырқаттанғандармен байланысқан адам ретінде карантиндік стационарға жатқан болатын. Қазір науқас Жаңаөзеннің жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

11.45 – Ұзақ үзілістен кейін Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейстері жолаушы тасымалдауға кірісті. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ғимаратының кіреберісіне арнайы бекеттер қойылып, ұшақ бортына тек Covid-19 вирусын жұқтырмағаны туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана жіберілді. Бұл туралы әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин хабарлады. Әуежайда әлеуметтік қашықтық шарттары сақталған, санитайзерлер орнатылған. Күніне екі рет күрделі тазалық жұмыстары жасалып, жолаушылар көп жиналатын барлық негізгі орындарға дезинфекция жүргізіледі. 1 мамырдан бастап Алматыда тәулігіне алты рейс орындалатын болады: үш рейс – "Эйр Астана", бір рейс – SCAT және екі рейс – Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі.


Азаматтық авиация комитетінің суреті / Рейстер күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай орындалады

11.35 – ТЖ бойынша штабтардың call-орталықтарына түсетін жүктемені азайту үшін @check_whitelist_quarantine_bot Telegram-боты іске қосылды. Онда сіздің автокөлігіңіз бен ЖСН нөміріңіздің қозғалуға рұқсат етілген тізімде бар-жоғын тексеруге болады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан әкімнің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді. Бір Telegram-аккаунттан тәулігіне бес реттен артық емес сұраныс беруге болады.

Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де балаңыздай қараңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІІ-IV бөлімдер

11.20 – "Birgemiz" қоры Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында тағы 210 мың отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы төлем жасап, көмек көрсетудің екінші кезеңін аяқтады. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады. Осылайша, елімізде 360 мыңнан астам мұқтаж отбасы тікелей қаржылық көмек алды. Отбасы мүшелерін қосқанда, бұл шамамен 1 млн қазақстандықты қамтиды. 98 мыңнан астам отбасы азық-түлік жиынтығы мен антисептикалық заттар алды. Бұдан бөлек 100 мың отбасы тегін маскамен қамтамасыз етілді.

10.40 – Коронавирус жұқтырған тағы 102 адам тіркелді:

  • Алматы – 79;
  • Батыс Қазақстан облысы – 6;
  • Нұр-Сұлтан – 5;
  • Түркістан облысы – 3;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3;
  • Алматы облысы – 2;
  • Жамбыл облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Шымкент – 1;


Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406