Үндістанда азшылық өкілдері тұратын округтерді дамыту жоспарына сай мұсылмандардың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы тәуелсіз India Blooms басылымы жазды.

2008 жылы Үндістанның 90 округі көп секторлы дамыту бағдарламасына енді. Бұл бастама азшылықтарды негізге ала отырып құрылыс, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қолайлы жағдай жасау жолымен аудандарды дамытуға бағытталған.

Мұсылмандар, сикхтар, христиандар, буддистер, парсылар және джайндар 1992 жылғы Азшылықтар жөніндегі ұлттық комиссия заңының 2 (c) бөліміне сәйкес азшылық қауымдары ретінде анықталған. Бұл схема азшылықтарды көп секторлы дамыту бағдарламасы деп аталады. Оны Үндістан үкіметінің Азшылық істері жөніндегі одақтық министрлік қадағалайды.

"Бұл схеманың мұсылмандық контекстегі маңыздылығы Үндістандағы мұсылмандар арасындағы кедейліктің жоғары деңгейіне байланысты арта түседі. Далиттердің 53 пайызы жұмыс істесе, мұсылмандардың 48 пайызы ғана жұмыс істейді. Сол сияқты, далит әйелдерінің 23%-ы, ал мұсылман әйелдердің небәрі 9,6%-ы жұмыс істейді. 2001 жылғы халық санағы бойынша елдегі сауаттылық деңгейі 64,80 пайызды құраса, мұсылмандар арасында бұл көрсеткіш 59,10 пайызға тең. Мұсылмандар орташа есеппен жиі ауырады, өйткені олардың үйлерінің тек 19%-ында ғана таза ауыз су құбыры бар", – деп жазылған басылымда.

Қазір жағдай өте күрделі болғандықтан, Үндістан үкіметі жағдайды жақсартуға күш салатыны анық.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда Үндістанның Республика күнін атап өтілді. Екі елді не байланыстырады


Көп секторлы дамыту бағдарламасына 14 жыл болды. Көптеген ауданда жақсы нәтиже бере бастады. Бұл схеманың мақсаты – білім беру, біліктілікті арттыру, денсаулық сақтау, санитария, баспана, жол және ауыз су үшін инфрақұрылымды жақсарту және азшылық өкілдері үшін табыс табу мүмкіндіктерін жасау. Оған Орталық пен Штаттардың бірлескен күш-жігерінің арқасында қол жеткізуге болады. Схема сонымен қатар олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. 

2017 жылы Үндістанның мемлекеттік басқару институты көп секторлы дамыту схемасы туралы есеп берді. Әсіресе, білім, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау салалары халықтың күнделікті тұрмысына әсер етеді. Денсаулық сақтау мекемелері мен орта мектептерді сумен жабдықтау немесе су беру уақытын ұзарту азшылық қауым тұратын аймақтардағы мәселелерді шешкен.