Қазақстандағы 2022 жылғы президент сайлауының хронологиясы
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Ең алғашқы сайлау учаскесі Жапонияда ашылды. Астана уақытымен таңғы сағат 4.00-ден Токиодағы қазақстандықтар дауыс бере бастады. Ал ең соңғы сайлау учаскесі Сан-Францискода Астана уақытымен кешкі сағат 21.00-де ашылды, өйткені уақыт белдеуінің айырмасы – 14 сағат.
Informburo.kz кезектен тыс президен тсайлауынан мәтін түрінде трансляция жасады.
00.40. Президент сайлауының экзит-пол нәтижесі жарияланды.
31 арнаның тапсырмасымен "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" жекеше қоры жүргізген экзит-пул нәтижесі бойынша:
- Әбден Қарақат – 2,84%
- Әуесбаев Нұрлан – 2,38%
- Дайрабаев Жигули – 3,68%
- Қажыкен Мейрам – 2,62%
- Тоқаев Қасым-Жомарт – 82,02%
- Тұрсынбекова Салтанат – 2,24%
- Бәріне қарсымын – 4,22% дауыс жинады.
Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен 379 учаскеде шамамен 482 мың адам қамтылған.
Сайлаушыларға "Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын өткен сайлауында Сіз өз даусыңызды кандидаттардың ішінен кімге бердіңіз?" деген сауал қойылған.
22.20. ОСК: елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды. Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
- Абай облысы бойынша – 80,18 %
- Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %
- Алматы облысы бойынша – 72,10 %
- Атырау облысы бойынша – 70,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %
- Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
- Жетісу облысы бойынша – 81,42 %
- Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
- Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
- Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%
- Павлодар облысы бойынша – 77,58%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%
- Түркістан облысы бойынша – 80,37%
- Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
- Астана қаласы бойынша – 48,60%
- Алматы қаласы бойынша – 28,72%
- Шымкент қаласы бойынша – 59,79%
22.14. ОСК елдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Дауыс беру тек елден тыс сайлау учаскелерінде жалғасуда. Қорытынды статистика ертең ұсынылады.
21.55. Әнші Димаш Құдайберген кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.
"Бүгін еліміз үшін маңызды күн болды. Мемлекетіміздің президент сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Қолға алған шаралардың басым көпшілігі орындалып, халқымыздың бақытты және баянды күндері көп болғай", – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
21.40. Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Бақылаушылар мектебінің тренері Қайыржан Әбдіхалықовтың айтуынша, биыл Алматы қаласында және өңірлерде бақылаушы болған жастардың саны көп.
"Биылғы сайлаудың ерекшелігі – 3 мыңнан астам тәуелсіз бақылаушы аккредитиациядан өтті. Олардың басым көпшілігі, яғни 60 пайыздан көбі – жастар. Бұрын ондай болмаған", – деді Қайыржан Әбдіхалықов.
21.30. Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды.
21.00. Қазақстанның батыс өңірлері: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру аяқталды. Сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау басталды.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың алдын ала қорытындысын бір сағаттан кейін жариялайды.
20.00. Қазақстанның көптеген өңірінде дауыс беру аяқталды.
Қазіргі сәтте Қазақстанның 5 өңірінде дауыс беру жалғасып жатыр. Дәлірек Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Бұл өңірлерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Бірақ бұл астана уақытымен – сағат 21.00.
19.48. Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Алматыда дауыс берді
Бүгін Бибігүл Төлегенова сайлау учаскесіне бармады. Оның орнына көшпелі сайлау комиссиясының мүшелері әйгілі тұлғаның үйіне дауыс беру жәшігін алып келді. Актрисаның пікірінше, сайлау – бұл азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
"Менің ойымша, президенттікке өз үміткерлігін ұсыну – өте үлкен жауапкершілік. Біз егемен мемлекетпіз. Президент міндетіне әлемдік аренада біздің құқығымызды қорғау кіреді", – деді Бибігүл Төлегенова.
19.25. Стамбұлдағы Қазақстан азаматтары белсенді дауыс беріп жатыр.
19.23. "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Бәрік Уәли сайлауда дауыс берді.
19.15. Шетелде сағат 19.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 7400-ге жуық азаматы дауыс берді
Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко ОСК брифингінде шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында 53 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адам болатын 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылғанын хабарлады.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскелік сайлау комиссиялары (Корея Республикасы, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Гонконг, Шанхай, Тайланд, Индонезия) жұмысын аяқтап, 7400-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. 57 учаске жұмысын жалғастыруда.
19.10. Президент Әкімшілігі ғимаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы №59 сайлау учаскесінде кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді.
19.05. Экзитполдың алғашқы нәтижелері түнгі сағат он екіден кейін жарияланады. Оны "Қазақстан" телеарнасының эфиріндегі телемарафоннан көруге болады.
18.55. Қазақстан спортшылары шетелде жүріп президент сайлауына қатысып жатыр. Ескек есуден Қазақстан құрамасы – Ташкентте, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы – Анталияда, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы – Абу-Дабиде, Еуропа әйелдер хоккей лигасына қатысатын алматылық "Айсұлу" клубы – Будапеште, конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландта дауыс берді.
18.40. Солтүстік Америкада Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада сайлау учаскілері жұмыс істей бастады.
18.25. – Бішкектегі Қазақстан елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде 162 қазақстандық дауыс берді. Бұл сайлаушылардың 100%-ын құрады, деп хабарлады елшілік.
18.20. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 8,1 миллион қазақстандық дауыс берді. Ең белсенді өңір – Түркістан облысы. Өңірдегі сайлаушылардың 80,25%-ы дауыс берген. Ал Алматы қаласында сайлауға келгендер үлесі 27,93%-ды ғана құрады. Бұл Қазақстандағы ең төмен көрсеткіш.
18.15. ОСК: ️Сағат 18.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,85%-ы бюллетень алды. Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 78,88 %
- Ақмола облысы бойынша – 75,82 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 71,23 %
- Алматы облысы бойынша – 70,92 %
- Атырау облысы бойынша – 67,88 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%
- Жамбыл облысы бойынша – 77,27 %
- Жетісу облысы бойынша – 77,08 %
- Қарағанды облысы бойынша – 77,80%
- Қостанай облысы бойынша – 77,56 %
- Қызылорда облысы бойынша – 77,20 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 64,57 %
- Павлодар облысы бойынша – 77,12 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46 %
- Түркістан облысы бойынша – 80,25 %
- Ұлытау облысы бойынша 74,45%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81 %
- Астана қаласы бойынша – 48,01 %
- Алматы қаласы бойынша – 27,93 %
- Шымкент қаласы бойынша – 59,56 %.
17.55. Батыс Қазақстан облысында көкпаршылар сайлауға атпен келді.
"Сырым батыр" командасының капитаны Төлеби Қайыржановтың айтуынша, көкпаршылардың көбі Өлеңті ауылында тұрады. Олар №293 сайлау учаскесіне бірдей киім киіп, атпен келеміз деп шешкен.
17.40. Студент сайлауға қатысу үшін Алматыдан Павлодарға ұшып келген. Эмир Жүнісов – Сәтпаев университетінің бірінші курсында оқиды. Ол жақында ғана 18 жасқа толған, деп жазды Pavlodarnews.kz.
"Дауыс беру үшін Алматыдан арнайы келдім. Сайлауға қатысу – республикамыздағы әр азаматтың борышы. Әр адам өз таңдауын жасауы керек", – деді сайлаушы.
17.30. Азия жөніндегі мәселелер бойынша Италиялық институттың бас хатшысы Доменико Пальмиери сайлауда бақылау барысы туралы айтты.
"Бақытты, жақсы көңіл күйдегі адамдарды көргеніме өте қуаныштымын. Батыс көшбасшылары елдегі саясаттың қалай өзгеріп жатқанын көре алады. Қақтығыс пен наразылықсыз да мұны жасауға болатынын бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндік бар", – деді Пальмиери.
17.15. Астанада сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси ұйымдастырылды.
"Басқалар секілді біз де сайлау учаскесіне келіп дауыс бере алатынымыз үшін қуаныштымын", – деді "Жас мүгедектер қоғамының" төрағасы Мұрат Әбдімомынов.
17.05. 104 жастағы Атырау облысының тұрғыны Балзиба Мәжитова үйінде отырып президент сайлауына қатысты.
"Мен өмірде қаншама қиындық көрдім. Болашақ ұрпағымыз қиналмаса екен деп тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай", – деді ол.
16.50. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев сайлауда дауыс берді. Ол саясаттағы тұрақты жаңару қоғамға тек пайда әкелетінін атап өтті.
16.45. Франциядан келген бақылаушы, IFRI орталығының сарапшысы Микаэль Левистон Алматы тұрғындары сайлауға позитив қарайтынын айтты. Ол бүгін 5 сайлау учаскесінде болған, олардың бірі Ұлттық кітапханада орналасқан.
"Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар аға буын өкілдерінің де қатысуы таң қалдырады. Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге келген адамдарға көп көңіл бөлдім. Олар 50 және 60 жастағы адамдар ғана емес, арасында 18 жастағы азаматтар да бар. Ммысалы, сайлауға өмірінде бірінші рет келген жігіт те болды. Мемлекеттің өз болашағына ұмтылып жатқаны анық", – деді бақылаушы.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне келуі үшін барлық жағдай жасалғанын, бұл көптеген елге үлгі екенін атап өтті.
16.35. Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов Алматыда №622 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Қадірлі ағайын, бүгін – мемлекетіміз үшін, еліміз үшін ең бір маңызды күндердің бірі. Біз ата-бабамыздың аманатын арқалаған елміз. Келешек ұрпақтың арман-мүддесіне жауапты елміз. Сондықтан келіп, өз үміткерлеріңізді таңдаңыздар, дауыс беріңіздер! Менде өз даусымды бердім", – деді актер.
16.20 – Бразилияда дауыс беру басталды. Шетелдегі 68 сайлау учаскесінің 64-інде дауыс беру жүріп жатыр. АҚШ пен Канадада уақыт айырмасына байланысты кейінірек басталады.
16.12. ОСК: 16.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 62,34 % бюллетень алды. Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 73,57 %
- Ақмола облысы бойынша – 71,38 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 68,81 %
- Алматы облысы бойынша – 55,11%
- Атырау облысы бойынша – 60,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62 %
- Жамбыл облысы бойынша – 68,74 %
- Жетісу облысы бойынша – 68,88 %
- Қарағанды облысы бойынша – 71,89 %
- Қостанай облысы бойынша – 71,38 %
- Қызылорда облысы бойынша – 72,88 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 59,61 %
- Павлодар облысы бойынша – 72,73 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21 %
- Түркістан облысы бойынша – 80,09 %
- Ұлытау облысы бойынша 72,75 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42 %
- Астана қаласы бойынша – 44,39 %
- Алматы қаласы бойынша – 26,19 %
- Шымкент қаласы бойынша – 56,28
16.08. Сайлау бақылаушысы, Хорватия Республикасы парламенті төрағасының орынбасары Даворко Видович: "Бұл – әлемдегі жаңашыл, демократиялық әрі өте маңызды қадам. Ешқандай құқықбұзушылықтар жоқ. Адамдар келіп жатыр. Олардың арасында бірінші рет дауыс бергендер де бар. Көбі отбасымен бірге келіп, кішкентай балалар бюллетеньдерді жәшікке салды. Бұрынғы президентті де көрдік. Ол да дауыс беруге келген екен. Мен үшін бұл қызық болды. Келушілердің пайыздық көрсеткіші де жақсы".
16.00. Халықаралық сарапшы Вахтанг Маисая: "Таңертеңнен бері 18 сайлау учаскесінде болдым, осы брифингіден кейін тағы бірнеше учаскеге барып, жалпы жиыны 20-дан астам учаскені араласам деп отырмын. Біздің ұйым өте дәйекті сауалнама әзірлеген болатын. Оның ішінде өте өткір сұрақтар да болды. Сол сауалнамадағы сұрақтарды учаскелер мен комиссия төрағаларының бәріне қойып көрдім. Тіпті учаскедегі байқаушыларға да қойдым. Негізінен бүкіл байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар да бірдей пікір білдіріп, ешқандай шағым болмағанын айтты".
15.56. Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін 65 инватакси көлігі қызмет етіп жатыр. Үйде дауыс беруге арналған 1062 урна әзірленген.
Алматы бойынша дауыс беру үшін айрықша жағдайды қажет ететін 65 ҰОС ардагері мен 2 551 мүгедектігі бар азамат бар.
15.21. Бүгін некесін қидырған Кәрібай Алтынбек пен Гүлбаршын Әлімханова Қарағандының №82 сайлау учаскесінде дауыс берді. Олар учаскеге той киімімен келді.
"Біз елімізді экономикасы тұрақты, болашағы зор, аяғынан нық тұрған мемлекет деп сеніммен айта аламыз. Жаңадан қабырғасы қаланып жатқан қоғамның бір бөлшегі ретінде дауыс беруге тиіспіз деп шештік. Біз өз таңдауымызды жасадық", – дейді жас жұбайлар.
15.10. Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева дауыс берді. Ол 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Нұржамал әженің 4 баладан тараған 15 немере, 12 шөбере, 5 шөпшегі бар.
14.50. Алматыдағы сайлау учаскелерінде кезек пайда болды. Алматыдағы №433, 429, 522, 385 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар кабиналардың босауын күтіп тұр.
14.40. Қонаев қаласының ең қарт тұрғыны 103 жастағы Мұқсына Қалдыбаева дауыс берді. Қоғамдық-саяси оқиғалардан шет қалмайтын ол Қазақстан халқына жарқын болашақ тіледі.
14.30. Қазақстандықтар сайлау учаскесінде түсірген фотосуреттерін Instagram-ға жариялап жатыр. Оларды #Мендауысбердім2022 және #Япроголосовал2022 хэштегтері арқылы көруге болады.
14.10. ОСК: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 % бюллетень алды.
13.45. Қоғам қайраткері, актер Асанәлі Әшімов Алматы қаласындағы № 382 учаскеде дауыс берді.
"Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл – бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек. Ұлылардың айтуынша, мәдениетсіз, әдебиетсіз ел – ел емес деген. Сондықтан мен таңдаған кандидат осыған көп көңіл бөледі деп сенемін. Келешек үшін адал қызмет істейді деп ойлаймын", – деді Асанәлі Әшімов.
13.20. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Вена, Брюссель, Париж, Прага қалаларында сайлау учаскелері жұмысын бастады.
13.05. Сайлау күні жүзге келген Ұлы Отан соғысының ардагері өскемендік Анастасия Светочева үйінде дауыс берді.
12.55. Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова комиссияға ресми түрде өрескел бұзушылықтар туралы шағымдар келіп түспегенін мәлімдеді. Ұсақ бұзушылықтар туралы шамамен 12 шағым түскен.
12.15. ОСК: Сағат 12.05-тегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 43,67 %
- Ақмола облысы бойынша – 40,13 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 44,48 %
- Алматы облысы бойынша – 25,83 %
- Атырау облысы бойынша – 40,42 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55 %
- Жамбыл облысы бойынша – 41,29 %
- Жетісу облысы бойынша – 42,18 %
- Қарағанды облысы бойынша – 44,99 %
- Қостанай облысы бойынша – 42,87 %
- Қызылорда облысы бойынша – 43,46 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 41,19 %
- Павлодар облысы бойынша – 44,23 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64 %
- Түркістан облысы бойынша – 64,21 %
- Ұлытау облысы бойынша 52,22 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86 %
- Астана қаласы бойынша – 19,33 %
- Алматы қаласы бойынша – 16,89 %
- Шымкент қаласы бойынша – 34,41 %.
11.55. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дауыс берді.
"Бүгін ел қатарлы сайлау учаскесіне барып, жұбайым екеуміз дауысымызды бердік. Ел ертеңі үшін өз таңдауымызды жасадық. Себебі сайлауда әркімнің дауысы маңызды деп есептеймін.Туған еліміз – Қазақстанымыздың ішкі мәселелерін сырттан ешкім шешпейтінін, мемлекетімізді бізден басқа ешкім дамыта алмайтынын мойындайық. Барлығы өз қолымызда. Өз елінің саналы, кемел, белсенді азаматы болу – нағыз патриотизмнің көрсеткіші. Бұл үлкен жауапкершілік", – деді ол.
11.50. Нұрсұлтан Назарбаев:
"Қазір халықтың бірлігі ауадай қажет. Тәуелсіз елміз, мемлекетіміз қаланды, астанамыз менің бастамаммен бой көтерді. Бірақ алда атқаратын жұмыс қаншама. Президенттің айналасында жұмыла еңбек ететін халықтың бірлігі қажет. Қазақстан халқының болашағы үшін бұл өте маңызды және мұны азаматтарымыз түсінеді деп үміттенемін".
11.45. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин дауыс берді.
"Бүгінгі таңымыз азаматтық борышымызды өтеуден басталды) Кішкентайымызбен бірге сайлау учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымызды бердік!" – деп жазды ол Instagram парақшасында.
11.40. Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімов ісіне қатысты ойын айтты.
11.35. Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс берді. Қазақстанның тұңғыш президенті елордадағы опера театрында орналасқан №393 сайлау учаскесіне келді.
11.20. Жетісу облысында 100 жастағы Жаркент тұрғыны Зейнелхан Оспанова сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 12 баланың анасы, "Алтын алқа" иегері маңызды саяси оқиғалардан ешқашан қалыс қалмаған.
11.10. "Аманат" кәсіподақтар достастығы атынан сайлауға түскен Мейрам Қажыкен жұбайы және қызымен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол – сайлауда соңғы болып дауыс берген кандидат.
"Халық пен мемлекет өзгерістерді күтіп отыр. Олар бізге керек. Жаңа президент кім болса да, ол өзгерістен бастауы керек. Өйткені, уақыт жоқ. Келер жылы нақты шешімдер қабылдануы тиіс. Президент өз сөзінде тұруы керек", – деді Мейрам Қажыкен.
10.40. "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға түскен Салтанат Тұрсынбекова дауыс берді. Дауыс бермеген бір кандидат қана қалды. Ол – Мейрам Қажыкен.
"Толқып тұрмын. Халықпен белсенді жұмыс жасадық. Нәтижесіне көңілім толады. Қазақстанның 12 аймағына бардым. Қалған өңірлерде штабым белсенді жұмыс істеді. Азаматтардың бей-жай қарамай, бізге назар аударғаны қуантты. Үгіт-насихат жұмыстарының арқасында көп дауыс жинаймын деп ойлаймын", – деді Салтанат Тұрсынбекова.
10.20. Оқу-ағарту министрі Асхат аймағамбетов президент сайлауында дауыс берді. Ол педагогтер мен білім саласының басқа да қызметкерлерін, студенттерді және барлық отандасымды сайлау учаскелеріне барып, өз елі, өз қаласы және отбасы үшін таңдау жасауға шақырды:
"Бүгін таңертең отбасымызбен бірге азаматтық борышымызды орындап, әділетті мемлекет үшін, Отанымыз Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердік. Баршамыз әлемдегі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайдың куәгеріміз және бүгін қабылдайтын шешіміміз күнделікті өмірімізге, ортақ болашағымызға, әл-ауқатымызға ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің одан әрі нығаюына және әлемдік аренадағы ұстанымдарымызға да әсер етеді. Әр адамның дауысы маңызды!"
10.15. ОСК: 10.05-ке азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37%-ы бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 25,64 %;
- Ақмола облысы бойынша – 21,21 %;
- Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %;
- Алматы облысы бойынша – 20,12 %;
- Атырау облысы бойынша – 25,03 %;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %;
- Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %;
- Жетісу облысы бойынша – 25,58 %;
- Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %;
- Қостанай облысы бойынша – 26,97 %;
- Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %;
- Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %;
- Павлодар облысы бойынша – 27,90 %;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %;
- Түркістан облысы бойынша – 27,03 %;
- Ұлытау облысы бойынша 27,81 %;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %;
- Астана қаласы бойынша – 13,73 %;
- Алматы қаласы бойынша – 8,42 %;
- Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те, 14.05-те, 16.05-те, 18.05-те және 20.05-те берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.
9.45. Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің жеті жылға сайлануы туралы: "Жеті жыл жеткілікті деп есептеймін, өйткені бұл әр адамның өмірінде ұзақ мерзім. Ең бастысы, елімізде билікте монополия болмайды. Оған тыйым салынады. Осылайша 21 жылда үш президент сайланады".
9.40. Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер қойған сауалдарға жауап берді:
"Бұрын өзге кандидаттарды жақсы танымадым. Үгіт-насихат бағдарламалары мен сайлауалды науқан басталғаннан кейін олар туралы көбірек білдім. Олар мемлекетіміздің өркендеуі үшін еңбек етіп, өз үлесін қосатын білімді, тәжірибелі азаматтар екеніне шүбәм жоқ".
9.30. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов президент сайлауында дауыс берді.
"Әскери мекемелердегі 20 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Қарулы күштер сапындағы шамамен 130 мың әскери қызметші, азаматтық қызмет өкілдері мен олардың отбасы мүшелері сайлауға қатысады", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылыков.
9.25. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясаттағы бейтараптығына қатысты сұраққа жауап берді:
"Қазақстан геостратегиялық ұстанымына сәйкес, экономикамызға 300 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылды. Біздің нарықта кірі трансұлттық, әлемдік компаниялар жұмыс істейді, сол себепті көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу міндет. Қазақстан БҰҰ жарғысынан айнымай, сыртқы саясатын бейбіт жүргізуі керек деп бірнеше рет айттым. Осымен айналыса береміз".
9.20. Тоқаев: "Біз жаңа саяси партиялар тіркеуден өтетінін айтқан болатынбыз. Бұл процесс жүріп жатыр. Егер олардың өздері заңды бұзса, біз заңды бұзып, партияларды қолдан тіркей алмаймыз. Оларға қолайлы жағдай жасаймыз. Парламент сайлауы басталғанға дейін бірнеше партия қажет талаптарды орындап, тіркеуден өтеді деп ойлаймын. Одан бөлек, парламент сайлауы жаңа аралас жүйе бойынша өтеді. Сайлау қорытындысына сәйкес заң шығарушы органға қызықты адамдар, соның ішінде оппозициялық көзқарастағы тұлғалар сайланады деп күтемін".
9.15. Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған капиталдарға қатысты сұраққа жауап берді.
"Жоспарға сәйкес жұмыстар ары қарай да жалғасын табады, мен бұл туралы айттым. Бас прокурор басқаратын арнайы комиссия құрылды, оның жұмысын өзім тікелей бақылаймын. Алдағы уақытта мемлекеттен заңсыз шығарылған капиталдарды елге қайтаруға қатысты заң қабылдауымыз керек деп ойлаймын. Әрине, ерік-жігер керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
9.10. Астана әкімі Алтай Көлгінов Қазақ ұлттық университетіндегі №329 учаскеде дауыс берді.
"Таңертең өз учаскеме барып дауыс бердім. Қалада 400-ден астам сайлау учаскесі ашылған. Бүгін сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатқан барша азаматқа алғысымды айтамын", – деді қала әкімі.
9.05. Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер қойған сауалға жауап берді:
"Бүгін өте маңызды тарихи күн. Еліміз өз жарқын болашағы үшін белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Шын мәнінде бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсерді. Енді алдымызда өте ауқымды міндеттер, мақсаттар тұр. Бірінші кезекте, халық маған дауыс берсе, бағдарламамды жүзеге асыруым керек. Сол себепті жұмыс көп. Биыл біз саяси реформаларды іске асырдық. Соның бірі ретінде жазда референдум өтті. Қазір кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр, сондықтан маңызды жұмыстар жалғасын табады".
9.00. Тоқаев: "Саяси реформаларды жалғастыру қажет, әйтпесе тоқырап қаламыз. Екінші жағынан президент сайлауынан кейін заң бойынша үкіметке отставкаға кету міндетті емес. Бұл парламент сайлауынан кейін міндетті тәртіппен жүзеге асырылады. Парламент сайлауы туралы жыл соңында арнайы мәлімдеме жасаймын. Сол себепті үкімет жұмыс істей береді, бірақ үкімет құрамында өзгерістер болады".
8.50. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.
8.45. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын жасады.
"Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдай жасалды. Сайлау – халыққа берілген үлкен мүмкіндік. “Халық – биліктің қайнар көзі” екенін Конституцияда тайға таңба басқандай жаздық. Сондықтан бүгін халқымыз өзінің болашағын айқындап отыр, – деді Сенат төрағасы.
8.40. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде орналасқан №358 сайлау учаскесіне дауыс берді.
"Бүгінде Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқығын іске асырып, алдағы 7 жылда еліміздің дамуына үлес қосады. Әр қазақстандықтың дауысы маңызды, бүгін мен қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасымның және балаларымның жарқын болашағы үшін елдің азаматы, Алматы тұрғыны ретінде дауыс беруге келдім. Алматылықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін", – деді Ерболат Досаев.
8.35. Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ата-анасымен бірге Астанадағы №135 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол журналистерге бүгін мереке екенін, ал сайлау әділетті Қазақстанның алдағы жеті жылда дамуына көмектесетінін айтты.
"Сайлау науқанын ата-анамның батасымен бастадым. Сондықтан бүгін үйдің үлкендерін сайлауға дауыс беруге ертіп келдім. Бүгін жалпы барлық халық өз отбасыларымен бірге еліміздің болашағына дауыс береді. Халық өте белсенді. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – президенттікке екі әйел үміткер. Алдағы жеті жылда демократиялық серпілістерге қол жеткіземіз деген сенімім мол", – деді Қарақат Әбден.
8.15. ОСК: Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10 033 учаске және шет мемлекеттердегі ҚР өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.
8.10. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов сайлауда дауыс берді.
"Халықтың көңіл-күйін көрдік. Халықтың бұл сайлауға деген ықыласы күшті. Бұл тағдыршешті сайлау болып тұр. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты болады. Сондықтан бүгін сайлауға халық өте көп келеді деп болжап отырмын. Екіншіден, мен еліміздің болашақ тұрақты дамуы үшін, бақуатты болуы үшін, оң өзгерістер болуы үшін дауыс бердім", – деді мәжіліс төрағасы.
8.05. Премьер-министр Әлихан Смайылов кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.
"Мен сайлауда өз таңдауымды жасадым. Мықты әрі әділетті Қазақстан үшін дауыс бердім. Ұзақ кідірген жоқпын, таңдауымды бірден жасадым", – деді Әлихан Смайылов.
8.00. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 7.00-де ашылды.
7.40. ЖСДП партиясының атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астанадағы №198 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Көңіл-күй өте жақсы. Біз барлық өңірде үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Міне, енді мен өз сайлау учаскеме азаматтық парызымды өтеу үшін келіп тұрмын. Біздің команда үлкен жұмыс атқарды, мен оларға разымын", – деді Нұрлан Әуесбаев.
7.30. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Әрбір таңдаудың маңызы зор, өйткені елдің болашақ дамуына, әрбір азаматтың болашағына әсер етеді. Бұл сайлаудың біздің еліміздің даму перспективасын айқындауда маңызы зор деп ойлаймын. Ол жаңа мемлекеттің негізін қалайды", – деді Ерлан Қарин.
7.30. Константин Петров: "Кеше сағат 18.00-де есептен шығару куәлігін беру аяқталды. Барлығы 22 578 куәлік берілді. Есептен шығару куәлігі бар адамдар еліміздегі кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады".
7.25. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров 11 шет мемлекетте 12 сайлау учаскесі ашылғанын мәлімдеді. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы 1883 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақытпен 7.00-де, Астана уақытымен 8.00-де басталады.
Барлығы 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 53 мемлекетте 68 учаске бар. Сайлаушылар тізіміне барлығы 11 950 435 адам енгізілді.
7.10. Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев кандидаттардың ішінде алғаш болып сайлауда дауыс берді.
Ол Астанадағы №396 сайлау учаскесіне отбасымен келді. Дауыс беру кабинасынан шыққан соң бюллетенін немересіне беріп, жәшікке салғызды.
7.00. Қазақстанда барлық сайлау учаскесі ашылды. Азаматтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Сондай-ақ, облыстарда, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында 86 сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-ден бастап ашылды. Оның ішінде әскери бөлімдер, емдеу мекемелері секілді адамдар уақытша орналасқан орындарда ашылған 47 учаске бар.