Otbasy bank пен Ninety one қаржы курстарын ұсынды
Көрермендерді үнемдеу мәдениеті мен қаржылық сауаттылыққа үйрететін курстарды "Отбасы банктің" youtube арнасынан кез келген уақытта тегін тамашалауға болады."Отбасы банк" пен танымал Ninety one тобы қазақстандықтарға бес бөлімнен тұратын "Қаржылық сауаттылық" курсын ұсынады. Youtube желісінде жарияланған бейне сабақтарда топ мүшелері қаржыны басқарудың маңыздылығы мен жолдары туралы өз тәжірибесіне сүйене отырып айтып береді. Ал ең бастысы – қазақстандықтар челленджге қатысып, өздерін мазалаған қаржы мәдениетіне қатысты сұрақтарды қою арқылы сүйікті тобымен жүздесіп, мерч пен қолтаңба ала алады. Ол үшін не істеу керегін білу үшін материалды соңына дейін оқыңыз.
Қазір Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейі қандай?
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда елде қаржылық сауаттылық деңгейі 39%-дан 40,2%-ға дейін өсті.
Еліміз бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесінде 30 жастан асқан, еңбекке қабілетті респонденттердің қаржылық менеджмент дағдыларын жақсы білетіні белгілі болды. Дәлірек:
- қарыздарын уақытында төлейді – 48,6%;
- өздерінің сатып алу қабілеттерін зерделейді – 46,2%;
- кірістері мен шығындарын мұқият бақылайды – 43,8%.
Дегенмен, сұрау салуға қатысқан жас және аға буын респонденттер шығындары табыстарынан үнемі асып кететінін айтқан. Сонымен қатар жастардың 12,6%-ы, аға буынның 12,2%-ы қаражаттарын үнемдемей, "бір күнмен" өмір сүретінін де жеткізген. Оның себептері ретінде дені жұмыссыздық, жалақының аздығы, жұмыс тәжірибесінің жоқтығы мен қаржылық білімсіздікті тілге тиек еткен.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Отбасы банкі туралы: Басты назарды аудан мен ауылдарға аударған жөн
Қаржы тақырыбындағы біліміңізді арттырғыңыз келе ме? "Отбасы банк" пен Ninety one ұсынған жобадан қапы қалмаңыз.
"Отбасы банк" мамандары қаржылық сауаттылықты арттыру курстарының маңыздылығына тоқталады. Сондай-ақ бұл курстар желіде ашық орналастырылады, яғни барша қазақстандыққа қолжетімді болады.
Ninety one тобымен кездесіп, бірегей сыйлықтар алудың жолы қандай?
"Халықтың қаржылық сауатының артуы әр отбасының өмір сүру деңгейін жақсартуға тікелей әсер етеді. Осы орайда "Отбасы банк" елдегі ең танымал Ninety one тобымен бірлесіп "Қаржылық сауаттылық" курстарын жүргізуді қолға алды. Оның екеуін youtube арнамызда жарияладық. Онда топ мүшелері ақшаны үнемдеу, жинау және көбейту жолдары туралы өз тәжірибесіне сүйене отырып баяндайды. Көрермендерімізді ынталандыру үшін арнайы сыйлықтар да дайындадық. Қаржы тақырыбына қатысты өздерін мазалаған сұрақтарды Ninety one тобына жолдап, комментарий қалдырған адамдардың ішінен ең үздік сауалдарды таңдап алып, келесі роликтің түсіріліміне шақырамыз. Сонда көрермендер бұл сауалдарын әншілермен кездесіп, тікелей қоя алатын болады, ал басқа қалаларда тұратын азаматтарға бейне байланыс арқылы мэмберлермен жүздесу мүмкіндігін сыйлаймыз", – деді "Отбасы банк" АҚ Маркетинг департаменті директорының орынбасары Эльдана Райымжан.
Оқи отырыңыз: "Күніне 200 теңгеден жинап, үйлі болғандар бар". Отбасы банкінің қызметкерлері өз жұмысы туралы айтып берді
Бас-аяғы youtube арнасына бес ролик шығады. Әзірге желіде екі шығарылым жарияланды. Ninety one тобымен бірге түсірілген жобаны өткізіп алмау үшін "Отбасы банкінің" youtube арнасына жазылыңыз.
Бірінші сабақта Ninety Оne және "Отбасы банк" сіздерге:
- Қаржы жинауды жоспарлау жолын Азамат Ашмақын ұсынға кесте бойынша көрсетеді;
- Қаржы жинаудың күйзелістен арылтатын ерекше қасиеттері туралы баяндайды;
- Ninety Оne тобы қаржы жинаудағы жеке лайфхактарымен бөліседі.
Ролик барысында Ninety one тобының солисі ACE (Азамат Ашмақын) "Отбасы банкімен" бірлесіп аумағы 150 шаршы метрден асатын, өзі талай жыл армандаған үйді алуға қандай қадамдар жасап жүргенімен бөлісті.
"Қаржы қоры акция, облигация, жылжымайтын мүлік, зейнетақы шоттары және депозит секілді әртүрлі инвестицияға ақша салуға мүмкіндік береді. Бұл қор қолда бар ақшаны көбейтіп, болашақта уайымсыз өмір сүруге көмектеседі. Өз басым ай сайын қаражатымды осы кестенің көмегімен басқарамын. Ал арманымдағы үйді алу үшін "Отбасы банкінде" депозит аштым. Әр жылдың соңында жиырма пайыз көлемінде мемлекеттік сыйақысы бар. Бұған дейін үйім болса да, мен секілді кең далада өскен баланың шаңырағының аумағы кемінде 150 шаршы метр болуы керек екенін түсіндім", – деді Азамат Ашмақын.
Топтың тағы бір мүшесі Bala (Данияр Құлымша) қаржылай қор мен тәуелсіздіктің егіз ұғым екенін айтады.
"Қаражат жинау барлық жағынан тәуелсіз болуға көмектеседі. Бұл толыққанды тұлға болып қалыптасу үшін маңызды. Табысыңыз шығындарыңыздан көп болғанда ғана алаңсыз өмір сүресіз", – деді ол.
Екінші сабақта Ninety Оne және "Отбасы банк" сіздерге:
- Қаржы басқаруда алғашқы тәлімгерлері кім болғанын айтып береді;
- Қаржыны жақсы түсіну үшін қандай кітаптар оқып, қандай ресурстарды зерттеген жөн екенін талқылайды;
- Қаражат жинау туралы қызықты деректермен бөліседі.
Осы күнге дейін шыққан және алда шығатын бөлімдердің барлығын қарап, youtube арнасында өзіңізді мазалаған қаржы тақырыбындағы сұрақты жолдау арқылы үміткерлер қатарына қосыласыз. Ішінде ең үздік сұрақ иесі жеңімпаз атанады. Ал жеңімпаздың кім екенін "Отбасы банк" 22 желтоқсан күні сағат 17.00-де өзінің Instagram парақшасының тікелей эфирінде жариялайды. Жеңімпаз Ninety one тобымен №5 бөлімге түсіп, жеке қолтаңба мен мерч алады.
Оқи отырыңыз: "7-20-25", "Бақытты отбасы" және өңірлік ипотекалар. 2023 жылы қалай баспана алуға болады?
Сыйлықтар мұнымен бітпейді! #NinetyOneOtbasy челленджіне қатысып, жұлдыздардан кітап пен мерч жеңіп алуға болады. Ол үшін алдыңызға ақша жинауды қажет ететін мақсат қойып, TikTok желісінде процестің қалай жүзеге асқанын бөлісіңіз.
"Отбасы банкінің" TikTok арнасына жазылуды және өзіңіз түсірген видео астына #NinetyOneOtbasy хэштегін қоюды ұмытпаңыз. Бұл байқаудың да нәтижесі 2023 жылдың 22 желтоқсанында сағат 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.