Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайды. Оның жалпы соттан айырмашылығы қандай
Жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі алқабилер сотында қаралады. Осы орайда құқық қорғаушы Айгерім Құсайынқызы Instagram парақшасында алқабилер соты немен айналысатынын түсіндірді.
Алқабилер соты институты Қазақстанда 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Айгерім Құсайынқызының сөзінше, осы уақыт ішінде юрисдикцияға қатысты жағдай бірнеше рет өзгерді:
- 2007-2009 жылдар аралығында алқабилер өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді қарады. Осы кезеңде алқабилердің қатысуымен қаралған істердің саны жылына 50-ге жуық істі құрады;
- 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилер қатыса алатын қылмыстардың саны 13-тен 45-ке дейін өсті.
Алқабилер институты 2 негізгі нормативтік құқықтық актімен реттеледі:
- 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Алқабилер туралы" заң;
- Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
"Алқабилер соты – қоғамға сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу құқығын беретін институт. Ол тараптардың бәсекеге қабілеттілігі, тәуелсіздігі, объективтілігі, кінәсіздік презумпциясы сияқты принциптерге жауап береді. Бізде алқабилердің континенттік үлгісі қолданылады, ол француз үлгісіне сәйкес аралас сот үлгісі бола тұра кеңесу бөлмесінде тек алқабилер ғана емес, кәсіби судьялар да болатынын білдіреді", – деді құқық қорғаушы.
2020 жылы алқабилер соттарында 42 қылмыстық іс қаралса, 2023 жылы олардың саны 136 іске дейін өскен. Сот Назгүл Рахметуллина 2024 жылы алқабилер қарайтын істер саны 950-ге артады деп болжайды.
"Алқабилер соттары қаралған істердің 10 пайызға дейін ақтау үкімдерін қабылдайды. Жалпы соттарда бұл көрсеткіш 1,5-2 пайызды құрайды. Әрине, бұл сандарды сөзбе-сөз салыстыруға болмайды. Өйткені, жалпы соттарда айтарлықтай бөлігі тараптардың татуласуымен аяқталатын немесе сотталушы прокурормен "кінәні мойындау туралы мәміле" жасаған істерден, яғни кінәні мойындайтын істерден тұрады", – деп жазды Айгерім Құсайынқызы.
Оқи отырыңыз: "Ұрып-соғып, интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген". Прокурор Бишімбаевтың әйеліне қалай зорлық көрсеткенін айтты
Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Хабарланғандай, 8 қараша күні кешке Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан әйел алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм экс-министрдің әйелі, Павлодар қаласының тумасы Салтанат Нүкенова болып шықты. 11 наурызда Астанада осы іске қатысты сот отырысы басталды. Сот айыптау бабын жеңілдетпеді. Ал Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамады.