Алматы тауларындағы Ақсай скитінде соқпақ жол ашылды
Ақсай скиті Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі Ақсай шатқалында орналасқан.Серафимо-Феогност шөлінде Қазақстандағы жалғыз таудағы монастырь және Орта Азиядағы Құдай Ана келген жалғыз орын Ақсай скитінде соқпақ жол ашылды.
Ақсай скиті Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі Ақсай шатқалында орналасқан ерекше тарихи, керемет таулы пейзажы мен қызықты соқпақ жолдың арқасында тартымды туристік нысанға айналды.
Қызылжар тауында Құдай Ана келуінің 110 жылдығы және иеромонахтар Серафим мен Феогносттың канонизациясының, яғни әулиелер қатарына енгізілуінің 30 жылдығына орайластырылып толығымен қайта салынған Скитке апаратын соқпақ жол ашылды.
Толықтай жаңартылған соқпақ қажыларға ғана емес, туристерге де маңызды. Өйткені бұл жер Іле-Алатау тауларындағы қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге танымал туристік бағыт. Жаяу жол қайта жаңартылғаннан кейін Қызылжар тауы шығуға және түсуге оңай, ыңғайлы және қауіпсіз болмақ.
Қазақстан Правславие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен ашылды.
"Бұл Қазақстан Правславие шіркеуі үшін тамаша күн. Отыз жыл бұрын осы шатқалға қасиетті діндарлар тыныштық іздеп келген еді. Олар Құдай Ананың батасын алып, қасиетті ерлеріміз осы жерге тоқтады, монастырь салды. Бүгін біз олардың ерлігі мен сенімін, Құдайға деген махаббатын еске алып жатырмыз. Қажылық жасаушылардың жолын жеңілдететін монастырьға апаратын соқпақты аштық", – деді Қазақстан Правславие шіркеуінің басшысы.
Бұрын соқпақтың бойында отыратын орындар ғана болған. Жолды реконструкциялау жұмыстары 4 ай бойы жүргізілген және 40 адам жұмылдырылған. 1500-ден астам ағаш баспалдақ қойылған және демалатын орындар салынған.
"Осы жолды салу үшін демеушілермен бірге төрт ай бойы өте қажырлы жұмыс атқардық. 1650 метрге созылатын соқпақтың ұлттық паркте тіркелгені жөнінде төлқұжаты бар. Скитке жыл сайын туристер де, қажылар да көптеп келеді. Бір жарым шақырым жоғары көтерілу қиын. Көпір, демалатын орындар салдық. Соқпақтың бұрынғы жағдайы мен қазіргі жағдайы жер мен көктей. Осы соқпақтың арқасында Ақжар шатқалы адамдарға қолжетімді әрі ыңғайлы, көтерілу оңай бола түседі деп ойлаймыз", – деді Іле-Алатау ұлттық паркінің Ақсай филиалының директоры Бақтияр Нұрлан.
"Олар "жалғыздың үні шықпас" дегенді айтады. Мәселе шешілуі үшін саяжай тұрғындары ұжымдық өтініш жазуы керек. Қазір саяжайларда адам көп. Бұрын тек жазда келіп тұрса, қазір қаладан қашып уақытқа қарамай тұра береді. Байланыс мәселесін бәрі көтерсе тезірек шешілер еді", – деді Бақтияр Нұрлан.