Қызылорда облысының Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды
Ауданда қуаңшылықтан бес жүзден аса мал қырылған.Төрт түлікке азық таппай, қуаңшылықтан бес жүзден аса малы қырылған Қызылорда облысы Арал ауданында бүгіннен бастап төтенше жағдай жарияланды. Ал әкімдік өкілдері аштықтан қырылған малға өтемақы төлемейді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қызылорда облысында биыл жем-шөптің тым қымбаттауы, одан қалды мал азығына бөлінетін субсидияны алудың қиындығы малшыларды әбден тығырыққа тіреп отыр. Ашынған шаруалар облыс әкімінен көмек сұрап келді. Шаруалар биыл жем-шөптің бірден 2 есеге қымбаттауынан қиналып отыр.
"Жем-шөп жеткізе алмай малдары өліп жатқан шаруалар бар. Былтыр күзде дұрыс бөлінбеген. Кейбіріне жетпей февральда береміз деген. Қазір қай уақыт екенін көріп тұрсыздар. Қай февраль екенін білмей қалдық", – дейді шаруа қожалығының иесі Рүстембек Сәрсенбаев.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: