Қырғызстанда тұрмыс құрмаған қыздардың мазасын алған жігіттер қамауға алынуы мүмкін
Қырғызстанда тұрмыс құрмаған қыздарға қырындап, мазасын алған жігіттер қамауға алынуы мүмкін. Көрші елдің ішкі істер министрлігінің академиясы Парламентте осындай ұсыныс айтты, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Министрлік өкілдері депутаттарға соңғы кездері қыздарды еркінен тыс мазалап, ізіне түсіп, аңдып, ақыры беймаз жігіттерден қайтіп қорғанарын білмеген бойжеткендердің қаза боп жатқанын мысал еткен. Сондай-ақ, олар "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы" заңға өзгеріс енгізіп, атауына "әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау" деген тіркес қосу қажет екенін айтады. Ал ұсынысқа сәйкес, мұндай қылмысқа барған азаматтар не 7 тәулікке дейін қамауға алынады, не 50 594 теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: